Бейбарыс тағы да «Теміртауды» ойсырата жеңді. 21 қазандағы матчтарға шолу

21 qazan
1407

«Алматы» «Снежные Барсы» командасынан қарымта қайтарды. «Бейбарыс» «Теміртауды» тағы да тырп еткізбеді. «Ақтөбе» «Горняктан» жеңісті жұлып әкетті.

«Снежные Барсы» командасымен екінші жекпе-жекте алматылықтар ертерек қамданып, екінші кезеңде-ақ шешуші есеп айырмашылығын орнатты. Артём Бурделёв елордалық қарсыластарды екі рет састырды.

«Алматы» - «Снежные Барсы» 6:1 (1:1, 4:0, 1:0)

0:1 – 03:19 – Цыбин (Шульга, Никитин)

1:1 – 10:39 – Бурделёв (Сейфулов) ГБ

2:1 – 20:10 – Сейфулов

3:1 – 24:51 – Лобанов (Бурделёв, Баженов) ГБ

4:1 – 28:00 – Бурделёв (Баженов, Полуэктов)

5:1 – 31:29 – Бакушин (Машинец, Аргымбаев)

6:1 – 57:55 – Васёнкин

Қақпашылар: Полуэктов (Шалманов, 40:00-60:00) – Павленко (Шефер, 28:00-60:00)

«Бейбарыс» пен «Теміртау» арасындағы екінші кездесуде де қонақтар ойсырай жеңілді. Бұл жолы сары-қаралар алаңнан шайба салмастан кетті. Жеңімпаздар құрамынан Алексей Клочков хет-трик жасады. Осы жеңісінен кейін атыраулықтар турнир кестесінде үшінші орынға шықты.

«Бейбарыс» - «Теміртау» 8:0 (4:0, 1:0, 3:0)

1:0 – 14:05 – Титов (Басимов, Колесников)

2:0 – 17:37 – Григоркевич (Степаненко, Закарлюкин) ГБ

3:0 – 18:43 – Старцев (Воробьев)

4:0 – 19:16 – Клочков (Хозяшев)

5:0 – 33:23 – Клочков (Титов)

6:0 – 42:30 – Ананичев Ар. (Ананичев Ал.)

7:0 – 47:42 – Клочков (Гатин) ГБ

8:0 – 58:08 – Ананичев Ал. (Ишмаметьев, Ананичев Ар.)

Қақпашылар: Хозяшев – Еремеев

«Ақтөбе» мен «Горняк» арасындағы екінші матч әлдеқайда нәтижелі болды. Бүгін алаң иелері сәл белсендірек болып, қорытынды кезеңде ойынды өз пайдаларына шешті. Жеңіс шайбасы Иван Зинченкоға тиесілі.

«Ақтөбе» - «Горняк» 3:2 (0:0, 1:1, 2:1)

0:1 – 36:40 – Гурьев (Ханьжин) ГБ

1:1 – 38:50 – Потайчук (Киселёв, Егоров) ГБ

1:2 – 44:29 – Ширяев (Ханьжин)

2:2 – 46:39 – Воронин (Панков) ГБ

3:2 – 54:14 – Зинченко (Воронин, Тесленко)

Қақпашылар: Шаров – Акулинин