Арлан Cарыарқаға қарсы үйдегі жекпе-жегін жеңістен бастады

19 qazan
1245

Pro Ligasy көшбасшыларының жекпе-жегінде көкшетаулық ұжым басым түсті.

Алаң иелері бірінші кезеңде шешуші серпіліс жасады. Владимир Боровков бесінші минутта есеп ашты, ал көп ұзамай, Роман Бердников аз құраммен гол салды. Екінші кезеңде қарсыластар бір-бірден көпшілік құраммен шайба дарытты. Никита Аноховскийдің дөп соққысына «Арлан» тәжірибелі Владимир Маркеловтың голымен жауап берді. Соңғы минуттарда қарағандылықтар Владислав Кулиевтің арқасында қарсыластардың үстемдігін барынша азайтты. Алайда ойынды құтқару мүмкін болмады. Осы жеңісінен кейін көкшетаулықтар аралық көшбасшы ретінде бекіді.

«Арлан» - «Сарыарқа» 3:2 (2:0, 1:1, 0:1)

1:0 – 04:37 – Боровков (Михайлов, Пархоменко)

2:0 – 12:12 – Бердников (Румянцев) ГМ

2:1 – 21:06 – Аноховский (Сиксна, Грымзин) ГБ

3:1 – 39:27 – Маркелов (Карабань, Пархоменко) ГБ

3:2 – 59:47 – Кулиев (Сиксна, Кожевников)

Қақпашылар: Румянцев – Селивёрстов