Көкшетаудағы мықтылар шайқасы, Бейбарыс Теміртауды қабылдайды

19 qazan
1926

Хоккейден Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңі 19 қазанда басталады.

«Арлан» - «Сарыарқа»

Қазақстан чемпионатының кезекті турының бағдарламасын «Арлан» мен «Сарыарқа» арасындағы негізгі жекпе-жек ашады. Көшбасшылардың кездесулері артық ауыз таныстыруды қажет етпейді. Бір білеріміз – бұл күндері Көкшетауда Лиганың қорғанысы мықты қос командасы шайқасады.

«Алматы» - «Снежные Барсы»

Оңтүстікастаналық команда бас бапкері ауысқалы бері сәл ширап, нәтижелі хоккей көрсете бастады. Алайда турнир кестесіндегі ахуалды түзеу мүмкін болмай тұр. «Снежные Барсы» екпінді өткен қыркүйектен кейін қатарынан алты матч бойы жеңіліп, кубоктік сегіздіктен шығып қалды.

«Ақтөбе» - «Горняк»

Батысқазақстандық ұжым соңғы алты кездесуде ұпай жинап, турнир кестесінің ортасына табан тіреді. Рудныйлықтардың жеңісі мен жеңілісі кезектесіп, нәтижесінде команда сегіздіктің босағасында тұр. Айтып өтетін жайт, рудныйлықтар соңғы он ойын бойы кемінде үш шайбадан салып келе жатыр.

«Бейбарыс» - «Теміртау»

Атырауда аса қызықты жекпе-жек өткелі тұр. «Бейбарыс» үздіктер үштігі үшін тартысып келеді, алайда кейде сәтсіздікке де ұшырауда. «Теміртаулықтар» біртіндеп өз ойынын тауып, армандаған сегіздікке жақындап келеді.