Максим Кунишников: «Барлығы жеңу үшін барын салады»

16 qazan
2073

Өткен турдың қаһарманы Максим Кунишников «Горняктың» баспасөз қызметіне берген сұхбатында клубқа қалай үйренісіп жатқанымен бөлісіп, командадағы әріптестерін атап өтті.

- Максим, «Тур қаһарманы» атануыңмен құттықтаймыз. Сен үшін қуанышты жайт шығар?

- Көп рақмет! Әрине, қуанасың ғой. Демек, ұпай жинап жатырмыз, алайда бұған жетуге көмектескен әріптестерім болмаса, тур қаһарманы атануым екіталай еді.

- Бұл – сенің Қазақстан чемпионатындағы алғашқы маусымың. Үйренісіп кеттің бе?

- Мен өткен жылғы және оның алдында ойнаған чемпионаттармен салыстырғанда, мұнда жылдамдық жоғарырақ, адамдардың тәжірибесі молдау. Біреу шебер ойнайды, біреу басқа лигаларда бере алмайтындай пас береді. Ал былайша, үйренісіп қалдым деуге болады, бәрі жақсы.

- Ал қарсыластар пайда болды ма?

- Әзірге барлығымен ойнап көрмедік, әзірге нақты қарсыластар жоқ, алайда қарымта қайтарғым келетін командалар жоқ емес.

- «Горняк» қашанда өзіндік ерекшелігі бар команда саналатын. Ұжымның рухын сезініп үлгердің бе?

- Иә, үлгердім. Командамыз тартысты, жақсы команда. Барлығы жеңу үшін барын салады. Барлығы жеңіп, жанкүйерлеріне, қаласына қуаныш сыйлағысы келеді. Жағдайымыз жақсы. Біз жеңіп, биік межелерді бағындыруға барлық жағдай жасалған.

- Алматымен матч туралы айтайықшы. Бұл не қылған голдар шеруі?

- Жолымыз болды. Тағы да қайталап айтам, әріптестерім болмағанда, мұнша гол салу мен пас беру болмас еді.

- «Горнякта» жеңіс пен жеңіліс кезектесіп келеді, алайда әзірге сегіздікте. Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне өту үшін командаға тағы нені қолға алу керек?

- Былайша, дәл осылай ойнап, еңбектеніп, кейбір олқылықтарды, қателіктерді түзету қажет. Мәселен, соңғы ойынның бірінші кезеңін сенімді ойнай алмадық. Біз жаттығуда осы компоненттердің барлығын қолға алып, алдағы уақытта түзелеміз. Әрбір матчты жеңіспен аяқтауға тырысамыз.