Сарыарқа Петропавлдан төрт балмен қайтты

16 qazan
1495

«Сарыарқа» «Құлагермен» түздегі екінші кездесуде де басым түсті.

Бірінші кезеңде-ақ қарағандылықтар екі рет көпшілік құрам ұйымдастырып, жақсы есеп айырмашылығын орнатты. «Құлагер» мұндай соққылардан кейін ес жия алмай, бірде-бір рет шайба сала алмады. Қонақтардың қақпашысы Жакен Ибрагимов өз қақпасына бағытталған 14 соққының барлығына тойтарыс берді. «Сарыарқа» бұл жеңісінен кейін турнир кестесінде екінші орынға шықты.

«Құлагер» - «Сарыарқа» 0:3 (0:2, 0:1, 0:0)

0:1 – 06:41 – Нургалиев (Борисевич) ГБ

0:2 – 07:50 – Данияр (Борисевич, Сиксна) ГБ

0:3 – 24:23 – Сиксна

Қақпашылар: Грязнов – Ибрагимов