Теміртау шығынсыз келеді, Алтай Торпедо Арланды жеңді. 2 қарашадағы матчтарға шолу

2 qarasha
1270

«Теміртау» «Құлагерден» тағы да басым түсіп, жеңістер сериясын алты матчқа жеткізді. «Алтай Торпедо» жеңілістер легін үзіп, «Арланға» қарсы нәтижелі ойын көрсетті. «Сарыарқа» үшінші кезеңге бір секунд қалғанда ширақ қимылдап, буллиттер сериясында «Алматыны» жеңді.

«Теміртау» мен «Құлагердің» екінші кездесуінде Роман Козловтың ойыншылары әрбір кезеңде шайбадан салып, қорғаныста жақсы ойын көрсетті. Финалдық ысқырық сары-қаралардың қатарынан келе жатқан алтыншы жеңісін тіркеп, команда турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты, «Номад» пен «Торпедоның» ізін қуып келеді.

"Теміртау" – "Құлагер" 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

1:0 – 01:38 – Безруков (Лызин)

1:1 – 02:11 – Репин (Крашенинин, Святына)

2:1 – 37:40 – Безруков (Лызин)

3:1 – 48:32 – Лызин (Гусейнов, Чеботов)

Қақпашылар: Еремеев – Хозяшев

"Арлан" бұған дейінгі жеңілістерінен шаршаған «Алтай Торпедоға» қарсы тырп ете алмады. Бұл матчтың әрбір кезеңінде нәтиже артып, ойын көркі қызып отырды. Нәтижесінде Виктор Богатырёвтің командасы жеңіске жетті. Ал көкшетаулықтар болса, өздерінің түздегі ойындарына көңілі толмайтын сияқты. Соңғы төрт кездесуде Владимир Капуловскийдің ойыншылары бар болғаны төрт ұпай жинады.

"Алтай Торпедо" – "Арлан" 6:3 (1:1, 2:1, 3:1)

0:1 – 03:46 – Шитиков (Боровиков, Бердников) ГБ

1:1 – 13:52 – Дерзаев (Дзедаев, Тихомиров) ГБ +2

2:1 – 32:27 – Перов (Бондаренко)

3:1 – 33:29 – Хоменко

3:2 – 35:55 – Ермолаев (Шитиков, Боровиков)

4:2 – 51:04 – Караваев (Худяков, Богачонок) ГБ +2

5:2 – 57:28 – Караваев ПВ

6:2 – 57:47 – Тихомиров (Дерзаев, Дзедаев)

Қақпашылар: Нурек – Демидов

«Сарыарқа» мен «Алматының» екінші кездесуінде таңғажайып жайт болды. Екі шайба артта қалған қарағандылықтар есепті теңестірді және ең қызығы бұл финалдық ысқырыққа небәрі бір секунд қалғанда орын алды. Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясына анықталып, Александр Соколовтың ойыншылары басым түсті.

"Алматы" – "Сарыарқа" 3:4 Б (2:1, 1:1, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 – 08:57 – Баженов (Долгушев, Кудрявцев)

1:1 – 15:07 – Михайлов (Воронков, Зиазов)

2:1 – 19:05 – Ананьин (Кудрявцев, Баженов) ГБ

3:1 – 31:32 – Бурделёв (Волков)

3:2 – 39:30 – Двуреченский (Желнеровский, Кожевников)

3:3 – 59:59 – Нургалиев (Двуреченский, Сиксна)

3:4 – 65:00 – Москалёв ПБ

Қақпашылар: Полуэктов – Бояркин (Ибрагимов, 40:00-65:00)