Алтай Торпедо Ертісті қабылдайды, Арлан мен Номад елордада ойнайды

13 qazan
2787

Қазақстан чемпионатының кезекті бес күндік кезеңі үш қақтығыстан тұрады.

«Арлан» - «Номад» (матчтар Нұр-Сұлтанда өтеді)

Көкшетаулық ұжым ағымдағы маусымды мықты бастады да, бірден көшбасшылар қатарына бекіді. Ал біршама жаңарған «Номад» әзірге өзін орташа деңгейде көрсетуде, медальдан үміткерлікке жетіңкіремейді. Алайда жас ұжым тәжірибесі молдау қарсыластарының бірқатарын жеңді және қазір кезекті фаворитпен жекпе-жекке дайындалу үстінде.

«Құлагер» - «Сарыарқа»

Петропавлдықтар сегіз матчтың алтауын жеңген қомды қарсыласты қабылдауға дайындалуда. «Сарыарқаның» амбициясы туралы айтпаса да түсінікті. Қарағандылықтар Регламентті бұзам деп, екі балдан айырылды, енді қоржындарын ұпаймен толтыруға құлшынып отыр.

«Алтай Торпедо» - «Ертіс»

Өскеменде аймақтағы көршілердің ғана емес, турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі көршілердің шайқасы өтпекші. Командалар екеуі қосылып, бар болғаны үш рет жеңіске жетті, сондықтан алдағы жекпе-жек – турнир кестесіндегі жағдайды түзету үшін тамаша мүмкіндік.