Чемпионаттағы алғашқы покер Тесленконың есебінде, Торпедо бірінші орында. 11 қазандағы матчтарға шолу

11 qazan
2090

«Снежные Барсы» «Ақтөбеден» ойсырай жеңілді, Дмитрий Тесленко төрт шайба салды. «Торпедо» ұяластарының арынын басты. «Алматы» «Горняктан» жеңісті жұлып әкетті.

Екінші кезеңде командалар ашық хоккей ойнап, екеуі бірігіп, он нәтижелі шабуыл жасады. Әсіресе, «Ақтөбенің» шабуылшысы Дмитрий Тесленко күш салып, елдің қазіргі чемпионатындағы алғашқы покердің авторы атанды. Дубль Иван Киселёвке тиесілі.

«Снежные Барсы» – «Ақтөбе» 2:8 (1:4, 1:1, 0:3)

0:1 – 09:28 – Киселёв (Ковзалов, Потайчук)

0:2 – 11:36 – Тесленко (Скатов, Зубковский) ГБ

1:2 – 12:05 – Бейсембиев (Цыбин)

1:3 – 16:49 – Киселёв (Потайчук)

1:4 – 19:10 – Тесленко (Зубковский, Скатов) ГБ

2:4 – 31:08 – Цыбин (Кенесбай, Никитин)

2:5 – 37:43 – Зинченко (Кутугин)

2:6 – 45:46 – Тесленко (Зинченко)

2:7 – 49:56 – Тесленко (Скатов, Кутугин)

2:8 – 59:10 – Скатов (Зинченко, Кутугин)

Қақпашылар: Павленко (Пестов, 11:36-60:00) – Тихонов

«Торпедо» «Алтай Торпедомен» екінші жекпе-жектің үшінші кезеңін екпіндетіп өткізіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Жеңіс шайбасы чемпионаттың үздік бомбардирі Дмитрий Гренцтің есебінде. Қазіргі таңда Георгий Верещагиннің командасы Pro Ligasy турнир кестесінің бірінші орнына шықты.

«Алтай Торпедо» - «Торпедо» 1:3 (0:0, 1:0, 0:3)

1:0 – 36:41 – Назаренко (Каиров, Хоменко) ГБ

1:1 – 45:05 – Кучин (Александров, Михайлов)

1:2 – 50:29 – Гренц (Боровиков)

1:3 – 58:36 – Шитиков (Петров, Громов)

Қақпашылар: Полошков – Янков

Алматылықтар «Горнякпен» кездесудің алғашқы кезеңін өте сенімді өткізді. Алайда рудныйлықтар 0:3 есептен кейін де үмітін үзбеді. Үшінші кезеңнің ортасына қарай таблодағы есеп 4:4 болды. Дегенмен қонақтар Мамед Сейфулов салған дөп соққының арқасында жеңіске жете алды.

«Горняк» - «Алматы» 4:5 (0:3, 3:1, 1:1)

0:1 – 08:47 – Машинец (Леванов)

0:2 – 10:54 – Сейфулов (Баженов) ГБ

0:3 – 12:30 – Абил (Филиппенко, Панков) ГБ

1:3 – 22:02 – Кунишников (Галимов, Ханьжин) ГБ +2

2:3 – 28:52 – Ширяев (Кунишников, Садиков) ГБ +2

2:4 – 28:52 – Панков (Филиппенко, Калиновский)

3:4 – 33:53 – Галимов (Коваленко, Кунишников) ГБ

4:4 – 48:33 – Кунишников ГБ

4:5 – 54:34 – Сейфулов (Баженов)

Қақпашылар: Акулинин (Скрынников, 20:00-60:00) – Мельников