Сарыарқаға Бейбарыспен екінші матчтың қорытындысы бойынша техникалық жеңіліс есептелді.
QHF жарыстар өткізу бөлімі 2021 жылдың 7 қазанында Қарағанды қаласында «Saryarqa» ХК мен «Beibarys» ХК арасында өткен №76 матч өткен кезде «Saryarqa» хоккей клубы тарапынан 2021-2022 ж. маусымындағы PRO HOKEI LIGASY Қазақстан Республикасы Чемпионаты Регламентінің 5-тарауы 22-бабының 2-тармағы (Жас ойыншыларды матчқа мәлімдеу) бұзылғанын хабарлайды – әрбір жас алаң ойыншысы (жас қақпашыны қоспағанда) матчтың негізгі уақытының кемінде 5 минуты бойы ойнауы тиіс.
Матчқа қатыстырылған «Saryarqa» ХК жас ойыншысы №44 Алламов Даир негізгі уақыттың қажетті 5 минутының 4 минут 27 секундында ғана ойнады.
Регламентке сәйкес, тиісті матчтың нәтижесі жойылады және хоккей клубының командасына 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептеледі.