Өскемендік тартыс, Горняк Алматыны қабылдайды

9 qazan
2072

Pro Ligasy-ның кезекті кезеңі аясында үш жекпе-жек өтпекші.

«Снежные Барсы» - «Ақтөбе»

Солтүстік Қазақстанға жасалған сәтсіз сапардан кейін «Снежные Барсы» үйге оралып, «Ақтөбемен» ойнайды. Михаил Шанцевойдың командасы «Номадтан» екі рет жеңіліп, есе жіберіп қойды. Алайда қос жеңілісте те овертаймда болғандықтан, ақтөбеліктердің ұпай жинау науқаны жалғасады.

«Алтай Торпедо» - «Торпедо»

Өскеменде жергілікті жекпе-жектің алғашқы сериясы өтеді. Оған деген қызығушылықтың артуына жақында команда бапкерлерінің ауысуы ықпал етті. «Алтай Торпедо» әзірге 12 матчтың екеуін ғана жеңді. Турнир кестесінің төртінші қатарында ғана тұрған «Торпедоның» да қазіргі жағдайына көңілі толуы екіталай.

«Горняк» - «Алматы»

Қос ұжым да көтеріңкі көңіл күйде. Рудныйлықтардың Өскеменге сапары сәтті болып, онда «Торпедомен» матчта үш балл алды. Оңтүстік астаналық команда өзінің жеңілістер легін үзіп, Петропавлда үш ұпай жинады.