Турдың қаһарманы – Владислав Кулиев

8 qazan
2188

ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең көп үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Кезекті кезеңнің қаһарманы «Сарыарқаның» шабуылшысы Владислав Кулиев болды. Ол командасына «Бейбарыспен» өз алаңындағы шайқаста төрт балл жинауға көмектесті (жеңістер 5:1 және 4:3 ОТ). Екі ойын бойынша Кулиев көпшілік құраммен екі шайба салып, бір нәтижелі пас берді. Қарағандылықтар екі жеңісінің арқасында турнир кестесінің екінші қатарын иеленіп отыр. Бұл ретте Леонид Тамбиевтің ойыншылары чемпионат көшбасшысы «Арланға» тек қосымша көрсеткіштер бойынша ғана жол беріп келеді.