Номадтың төртінші жеңісі, Сарыарқа тағы да Бейбарыстан басым түсті. 7 қазандағы матчтарға шолу

7 qazan
1084

«Номад» қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді. «Сарыарқа» овертаймда «Бейбарысты» жеңіп кетті. «Алматы» Петропавлдан үш балмен қайтты.

«Ақтөбе» «Номадпен» екінші матчтың негізгі уақытында жеңілістен құтылды. Алайда овертайм елордалық ұжымның пайдасына шешілді. «Көшпенділерге» жеңісті дубль жасаған Андрей Руновтың дөп соққысы сыйлады. Шешуші гол салатын шабуылға сондай-ақ голкипер Никита Бояркин де қатысты.

«Номад» - «Ақтөбе» 3:2 ОТ (2:1, 0:0, 0:1, 1:0)

1:0 – 07:53 – Мусоров (Гусейнов, Ермак)

1:1 – 08:20 – Тесленко

2:1 – 12:25 – Рунов (Михнин, Марков)

2:2 – 59:28 – Воронин (Степанов, Киселёв)

3:2 – 61:05 – Рунов (Михнин, Бояркин)

Қақпашылар: Бояркин – Шаров

«Сарыарқа» мен «Бейбарыстың» екінші жекпе-жегі овертайммен аяқталды. Бұл қақтығыста екінші рет жеңісті қарағандылық ұжым иеленді, ол енді бірінші орындағы «Арланға» тек қосымша көрсеткіштер бойынша ғана жол беріп келеді. Шешуші соққы Вадим Зеленковқа тиесілі.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 4:3 ОТ (1:0, 2:2, 0:1, 1:0)

1:0 – 19:58 – Нургалиев (Аноховский)

1:1 – 25:46 – Колесников (Шапорев, Титов)

2:1 – 27:24 – Данияр (Кулиев)

2:2 – 29:33 – Гарифулин (Степаненко, Титов) ГБ

3:2 – 30:32 – Кулиев (Сиксна) ГБ

3:3 – 51:54 – Литвинов (Москалев)

4:3 – 63:57 – Зеленков (Федоров, Хорошев)

Қақпашылар: Селивёрстов – Хозяшев

Баженовтың дублі «Алматыға» Петропавлда екінші кездесуді жеңуге көмектесті. Бұл матчта соңғы кезең шешуші болып, «Алматы» екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды.

«Құлагер» - «Алматы» 2:4 (0:1, 2:1, 0:2)

0:1 – 00:37 – Баженов (Бурделев, Щукин)

0:2 – 22:38 – Филиппенко (Ищенко)

1:2 – 23:08 – Власов (Казаченко, Ахметов)

2:2 – 30:10 – Наместников (Фролов, Первухин)

2:3 – 40:17 – Баженов (Кузнецов)

2:4 – 46:11 – Машинец (Баженов, Сейфулов)

Қақпашылар: Нечвиенко – Полуэктов