Номадтың тартысты ойыны, Арлан үздіктер қатарына қосылды. 6 қазандағы матчтарға шолу

6 qazan
1372

«Номад» «Ақтөбемен» тартысты ойында жеңіске жетті. «Горняк» Рейизвихтің дебютін бұзды. Үздіктер шайқасында «Сарыарқа» «Бейбарысты» тырп еткзібеді. «Құлагер» буллиттер сериясында «Алматыны» жеңді. «Арлан» тағы да «Снежные Барсы» командасынан басым түсті. «Теміртау» «Ертістің арынын басты.

«Номад» «Ақтөбеге» қарсы матчтың алғашқы кезеңін сәтті өткізбеді. Қонақтар аталмыш кезең ішінде қарсыласты үш рет састырды. Алайда «көшпенділер» бойды тіктеп, ойынды овертаймға айналдырып қана қоймай, екі ұпай алды. Матчта шешуші нүктені негізгі уақыттың соңында гол салмаған, алайда қосымша бес минутта бар жіберген олқылықтарының орнын толтырған Андрей Марков қойды.

«Номад» - «Ақтөбе» 4:3 ОТ (1:3, 2:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 10:21 – Зинченко

1:1 – 13:12 – Мусоров (Пелевин, Зубов) ГБ

1:2 – 15:27 – Воронин (Егоров, Зинченко) ГБ

1:3 – 16:37 – Потайчук (Ковзалов, Кутугин)

2:3 – 22:16 – Гусейнов (Александров, Ермак)

3:3 – 22:39 – Несветаев (Мангисбаев, Бекетаев)

4:3 – 60:52 – Марков (Рунов)

Қақпашылар: Шутов – Тихонов (Шаров, 22:39-60:00)

Рудныйлықтар бүгін де кездесудің екінші бөлігінде «Торпедодан» басым түсті. Осының арқасында үшінші кезеңде екі гол салып, толыққанды жеңіске жетті. «Горняктың» қақпашысы Никита Акулинин қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Горняк» 1:3 (0:0, 0:1, 1:2)

0:1 – 37:45 – Гурьев (Юлбарисов, Бархаткин)

0:2 – 48:57 – Кунишников (Галимов)

1:2 – 52:25 – Михайлов (Гренц) ГБ

1:3 – 52:46 – Кротов (Жилов)

Қақпашылар: Рейзвих – Акулинин

«Сарыарқа» «Бейбарыспен» бірінші жекпе-жекте ширақ ойнады және бұл тактикасы нәтиже берді. Бірінші кезеңде-ақ атыраулықтардың қақпасына үш шайба аттанды. Әрі қарай қарағандылықтардың басымдылығы арта берді. Жеңімпаздар құрамынан Михаил Рахманов дубль жасап, көзге түсті.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 5:1 (3:0, 2:1, 0:0)

1:0 – 04:53 – Зеленков

2:0 – 11:33 – Рахманов (Аноховский, Данияр) ГБ

3:0 – 13:43 – Рахманов (Аноховский, Грымзин)

4:0 – 22:42 – Данияр (Кулиев) ГБ

5:0 – 26:15 – Кожевников (Федоров)

5:1 – 31:17 – Гарифулин (Закарлюкин, Ананичев Ар.) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов – Хозяшев

«Құлагер» өзінің жеңістер сериясын жалғастырды. «Алматымен» кездесу тек буллиттер сериясында аяқталды. Дмитрий Макеев алаң иелеріне есеп теңестіруге, әрі қарай қоржынға екі балл салуға көмектесті. Петропавлдықтардың голкипері Даниил Кадочников 42 соққыға тойтарыс берді.

«Құлагер» - «Алматы» 2:1 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 03:43 – Баженов (Бурделёв, Щукин)

1:1 – 28:53 – Макеев (Казаченко, Черников) ГБ

2:1 – 65:00 – Макеев ПБ

Қақпашылар: Кадочников – Полуэктов

Елордалық ұжым екінші ойында «Арланға» соққылар бағыттады, алайда Көкшетаудан «Снежные Барсы» ұпайсыз қайтты. Шешуші сәттерде тәжірибелі көкшетаулықтар дөп түсіп отырды.

«Арлан» - «Снежные Барсы» 4:2 (1:0, 2:1, 1:1)

1:0 – 10:37 – Бердников (Акишин, Евграфов)

1:1 – 26:23 – Омирбеков (Сулейменов) ГБ

2:1 – 33:22 – Лукин (Гребенщиков) ГБ

3:1 – 35:07 – Меньщиков (Евдокимов, Карабань)

3:2 – 43:19 – Сапарбек Д. (Цыбин)

4:2 – 43:42 – Евдокимов (Меньщиков, Карабань)

Қақпашылар: Зыкин – Павленко

«Теміртау» Павлодарда тағы да жеңіске жетті. Бұл жолы іс овертаймға жетпеді. Жеңіс шайбасы «Ертістің» экс-ойыншысы Айдос Жорабектің есебінде.

«Ертіс» - «Теміртау» 2:4 (1:2, 0:1, 1:1)

0:1 – 01:29 – Белоцкий (Преснов)

1:1 – 04:16 – Камбулов (Габдуллин, Пульников)

1:2 – 13:37 – Шафеев (Преснов, Белоцкий) ГБ

1:3 – 43:05 – Жорабек (Жабунин, Пряхин)

2:3 – 48:11 – Репин (Гасников)

2:4 – 59:51 – Преснов (Белоцкий) ПВ

Қақпашылар: Микушин – Еремеев