Қарағандыдағы мықтылар шайқасы, Торпедо Горнякты қабылдайды

5 qazan
2575

Қысқа үзілістен кейін Pro Ligasy матчтарына оралайық.

«Торпедо» - «Горняк»

Торпедолықтар үздіктер үштігі үшін күреседі, «Горняк» кубоктік сегіздіктің есігін қағып тұр. Алайда өткен турдағы «Ертістен» жеңілуі рудныйлықтарды плей-офф аймағынан алыстатты. Өскемендіктер өздерінің соңғы матчтарында да жеңілді.

«Арлан» - «Снежные Барсы»

Жас елордалық ұжым чемпионат басында біраз шулатты, алайда қазір салмақты қарсыластар кездесе бастады. Алдағы ойындарда «Барыстар» Лиганың ең сенімді қорғанысымен бетпе-бет келмекші және Александр Истомин командасының бұл қорғанды қалай бұзып-жаратыны түсініксіз.

«Ертіс» - «Теміртау»

Павлодарлықтар чемпионаттағы алғашқы жеңістеріне де жетті-ау. Енді осы екпінмен «Ертіс» әзірге бабы келіспей тұрған «Теміртауды» ұпайдан айыруға тырысады. Алайда өткен турда Данияр Ахметовтің командасы түзде «Торпедоны» жеңгенін ұмытпаған жөн.

«Номад» - «Ақтөбе»

Бұл қақтығыстың бірінші бөлімі елдің батысында өтіп, ол кезде екі жеңіс «Ақтөбеге» бұйырған болатын. Мұнан кейін Михайл Шанцевойдың ұжымы төрт кездесуде небәрі бір ғана жеңіске жетті. «Көшпенділер» «Алматыға» қарсы екі жеңістен кейін өздерінің турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты.

«Құлагер» - «Алматы»

Петропавлдықтар «Алматымен» жекпе-жектің қорытындысы бойынша өздерінің бес матчқа созылған жеңіс легін жалғауға тырысады. Оңтүстік астаналық команда әзірге турнир кестесінің түбінен көтеріле алмай жатыр. Және сегіздік пен арадағы айырмашылық бес балға жетті.

«Сарыарқа» - «Бейбарыс»

Турдың негізгі жекпе-жегі Қарағандыда өтіп, онда чемпионаттың бірінші және екінші командасы ойнайды. «Бейбарыс» соңғы сегіз матчтың алтауын жеңді. «Сарыарқа» кезекті турға қатарынан қол жеткізген алты жеңіспен келіп отыр.