Турдың қаһарманы – Ертіс

5 qazan
2722

ҚХФ баспасөз қызметі дәстүрлі жарияланымдар топтамасын жалғастырады. Алайда бүгін біз жеке ойыншыны емес, тұтас команданы атап өтуге бел будық.

Өткен турдың қаһарманы «Ертіс» болды. Ұзақ уақыт бойы павлодарлық ұжым чемпионатта жеңістің дәмін тата алмай келді. Тек оныншы матчта ғана жас команда өз алаңында «Горнякты» 6:4 есебімен жеңіп, толыққанды екі балл алды. Мақтауға тұрарлығы, рудныйлықтардың қақпасына бағытталған алты шайбаны алты түрлі ойыншы салды.