«Алматы» елордадан балсыз қайтты. «Ақтөбе» «Бейбарыстан» қарымта қайтарды.
«Номад» «Алматымен» екінші жекпе-жекте көпшілік құрам ұйымдастырып, жеңіске жетті. Төрт ұпаймен «көшпенділер» турнир кестесінде алтыншы орынға шықты.
«Номад» - «Алматы» 3:2 (1:0, 1:1, 1:1)
1:0 – 10:06 – Гусейнов ГБ
2:0 – 33:46 – Марков (Гусейнов) ГБ
2:1 – 36:56 – Машинец
3:1 – 41:04 – Бекетаев (Гусейнов, Рунов)
3:2 – 44:44 – Щукин (Баженов, Бурделёв) ГБ
Қақпашылар: Калмыков – Полуэктов
Батыстағы тартыстың екінші сериясында алаң иелері сенімді қарымта қайтарды. Бұл жеңісте арнайы бригаданың әрекеті маңызды рөлге ие болды. Кездесудің басты қаһармандарының бірі – 37 соққыға тойтарыс берген «Ақтөбенің» қақпашысы Владислав Тихонов.
«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 5:1 (2:0, 1:1, 2:0)
1:0 – 03:11 – Степанов (Тесленко, Горожанинов)
2:0 – 07:24 – Скатов (Степанов, Сошников) ГБ
3:0 – 32:44 – Иванов (Зинченко, Егоров) ГБ
3:1 – 33:16 – Старцев (Курепанов, Воробьев)
4:1 – 43:11 – Потайчук (Ковзалов)
5:1 – 57:34 – Кутугин (Киселёв) ГМ
Қақпашылар: Тихонов – Хозяшев