Сарыарқа үштікте, Алматы Номадқа жол берді. 2 қазандағы матчтарға шолу

2 qazan
1612

«Номад» жеңілістер сериясын үзді. «Сарыарқа» екінші рет «Алтай Торпедоны» жеңді. «Құлагер» «Снежные Барсы» командасын ойсырата жеңді. «Ертіс» маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті. «Торпедо» «Теміртауға» жол берді. «Ақтөбе» мен «Бейбарыс» матчты негізгі уақыттан тыс аяқтады.

«Номад» «Алматымен» жекпе-жекте сенімді түрде жеңіске жетіп, өзінің төрт матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді. Бұл ойында «көшпенділердің» голкипері Роман Калмыков нәтижелі пас берумен көзге түсіп, 23 соққыға тойтарыс берді.

«Номад» - «Алматы» 4:1 (2:0, 2:0, 0:1)

1:0 – 02:04 – Рунов (Пархоменко, Калмыков) ГМ

2:0 – 08:48 – Гусейнов (Марков) ГБ

3:0 – 20:27 – Кайыржан (Пархоменко, Пелевин)

4:0 – 30:35 – Мухаметов (Ермак, Пелевин)

4:1 – 56:14 – Васёнкин (Машинец, Панков)

Қақпашылар: Калмыков – Полуэктов (Шалманов, 30:35-60:00)

«Сарыарқа» өз алаңында «Алтай Торпедодан» екінші рет жеңілді. Жеңіс шайбасы Дмитрий Молодцовтың есебінде. Екі табысты матчтан кейін қарағандылықтар чемпионат үздіктерінің үштігіне енді.

«Сарыарқа» - «Алтай Торпедо» 3:1 (0:0, 2:1, 1:0)

0:1 – 26:07 – Петрасюк (Бондаренко)

1:1 – 27:27 – Ларионов (Кожевников)

2:1 – 28:09 – Молодцов (Нургалиев, Кулиев)

3:1 – 46:33 – Аноховский (Сиксна, Ларионов) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов – Полошков

«Снежные Барсы» «Құлагермен» екінші кездесуде ұпай жинай алмады. Петропавлдықтар бес нәтижелі шабуыл жасап, сенімді түрде жеңіске жетті. Қарсыласты екі рет Владислав Болдин састырды.

«Құлагер» - «Снежные Барсы» 5:0 (2:0, 2:0, 1:0)

1:0 – 01:32 – Болдин (Гевель, Власов) ГБ

2:0 – 02:31 – Сиденко

3:0 – 35:15 – Ахметов (Хрипков, Власов)

4:0 – 39:55 – Болдин (Наместников)

5:0 – 50:39 – Макеев (Наместников, Васильев) ГБ

Қақпашылар: Грязнов – Павленко

«Ертіс» пен «Горняк» бірінші кезеңде-ақ бірігіп, бес гол ұйымдастырды. Әрі қарай тартыс жалғасып, алаң иелері дөп түсіп отырды. «Ертіс» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

«Ертіс» - «Горняк» 6:4 (3:2, 1:1, 2:1)

1:0 – 05:10 – Билимбаев

1:1 – 05:46 – Нурек (Кротов) ГМ

2:1 – 11:40 – Туспеков (Гасников)

3:1 – 13:22 – Репин (Нестеров, Белашов)

3:2 – 19:09 – Юлбарисов (Гурьев, Ханьжин)

4:2 – 22:32 – Своеволин (Пульников, Герасимов) ГБ

4:3 – 38:38 – Кротов (Жилов, Штефан) ГБ

4:4 – 40:17 – Кунишников (Ширяев) ГБ

5:4 – 44:53 – Атаханов (Сейтанов, Билимбаев)

6:4 – 58:25 – Карпов (Туспеков, Герасимов) ПВ

Қақпашылар: Штукерт – Акулинин (Скрынников, 13:22-60:00)

«Теміртау» өзінің жеңілістер сериясын үзді. «Торпедомен» екінші кездесуде қонақтардың голкипері Демид Еремеев 33 соққыға тойтарыс берді. Шешуші шайба Кирилл Пономарёвке тиесілі.

«Торпедо» - «Теміртау» 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)

0:1 – 35:31 – Селиванов (Шафеев) ГМ

1:1 – 43:54 – Гренц (Таталин, Игнашин) ГБ

1:2 – 47:00 – Пономарёв (Жарёнов, Шафеев)

Қақпашылар: Янков – Еремеев

Батыстағы тартыста командалар жеңімпазды негізгі уақыт аясында анықтай алмады. Нәтижесінде жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Атыраулықтарға жеңісті Альберт Гатиннің дөп соққысы сыйлады.

«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 2:3 Б (0:1, 0:1, 2:0, 0:0)

0:1 – 02:35 – Курепанов (Воробьев, Старцев)

0:2 – 33:46 – Степаненко (Григоркевич, Титов)

1:2 – 53:47 – Воронин (Зинченко, Скатов)

2:2 – 57:16 – Скатов (Ермолаев, Иванов) ГБ

2:3 – 65:00 – Гатин ПБ

Қақпашылар: Шаров – Мальгин