Борисевичтің хет-тригі, Петправлдағы итжығыс ойын. 1 қазандағы матчтарға шолу

1 qazan
1553

Шин жасаған дубль «Торпедоға» «Теміртауды» жеңуге көмектесті. «Горняк» «Ертісті» жеңу үшін біршама тер төкті. «Сарыарқа» «Алтай Торпедоға» дес бермеді. «Снежные Барсы» жеңістер сериясын жалғады.

«Теміртаумен» кездесудегі сәтті дебют «Торпедоға» өзінің жеңістер легін жалғауға көмектесті. Кездесудің басты қаһарманы бірінші минутта-ақ есеп ашып, әрі қарай дубль жасаған Александр Шин болды. Алаң иелерінің қақпашысы Андрей Янков 35 соққыға тойтарыс беріп, тамаша матч өткізді.

«Торпедо» - «Теміртау» 3:1 (2:0, 1:1, 0:0)

1:0 – 00:39 – Шин (Гренц, Громов)

2:0 – 08:13 – Лихотников (Гренц) ГМ

3:0 – 25:59 – Шин (Гренц, Таталин)

3:1 – 37:59 – Шишов (Шафеев)

Қақпашылар: Янков – Еремеев

«Сарыарқа» және «Алтай Торпедо» кездесуінің негізгі оқиғалары екінші кезеңде орын алды. Қазіргі чемпион жылдамдықты үдетіп, бес нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Александр Борисевич хет-трик жасады.

«Сарыарқа» - «Алтай Торпедо» 6:2 (1:1, 5:1, 0:0)

1:0 – 03:43 – Борисевич (Беляев)

1:1 – 08:38 – Бондаренко (Хоменко)

2:1 – 25:54 – Нургалиев (Данияр, Молодцов)

3:1 – 26:58 – Ибрайбеков (Молодцов, Аноховский)

3:2 – 31:29 – Гурин (Хоменко)

4:2 – 34:07 – Борисевич (Сиксна) ГБ

5:2 – 37:40 – Борисевич (Сиксна)

6:2 – 39:09 – Безруков (Аноховский)

Қақпашылар: Каратаев – Полошков

«Құлагер» «Снежные Барсы» командасының арынын овертаймның соңғы минутында басты. Петропавлдықтар Дамир Рамазанов жасаған соққының арқасында жеңіске жетті.

«Құлагер» - «Снежные Барсы» 2:1 ОТ (0:1, 0:0, 1:0, 1:0)

0:1 – 00:57 – Логвин (Морожников)

1:1 – 48:05 – Власов (Пальмтаг)

2:1 – 64:35 – Рамазанов

Қақпашылар: Нечвиенко – Павленко

«Ертіс» «Горнякпен» матчтың үшінші кезеңін екпіндетіп өткізіп, қарсыласты әбден састырды. Дегенмен рудныйлықтар дер кезінде жанданып, павлодарлықтарды ұпайдан айырды. Айдар Галимов салған шайба қонақтарға жеңіс әкелді. «Ертістің» құрамынан Адам Евлоев дубль жасап, көзге түсті.

«Ертіс» - «Горняк» 2:4 (0:1, 0:1, 2:2)

0:1 – 01:27 – Кротов (Нурек)

0:2 – 27:23 – Ширяев (Кунишников, Садиков) ГБ

1:2 – 44:40 – Евлоев (Гасников) ГБ

2:2 – 52:55 – Евлоев (Гасников, Туспеков) ГБ

2:3 – 55:17 – Галимов (Садиков)

2:4 – 58:48 – Бархаткин ПВ

Қақпашылар: Микушин – Акулинин