Сарыарқа Алтай Торпедоны сынақтан өткізеді, Горняк сегіздікке кіргелі тұр

1 qazan
2026

Қазан айының алғашқы күндері қазақстандық жанкүйерлер Pro Ligasy-нда төрт жекпе-жекті тамашалайды.

«Торпедо» - «Теміртау»

Өскемендіктер біртіндеп өз ойын өрнегін тауып, қазіргі таңда чемпионат көшбасшыларының қатарына қосылды. Маусымның басы «Теміртаудың» оң жамбасына келмеді. Команда негізгі уақытта бір ғана матчты жеңіп, қазіргі таңда кубоктік сегіздіктен алыс тұр.

«Ертіс» - «Горняк»

Бұл командалар қақтығысының екінші сериясы Павлодарда өтеді. «Ертіс» биылғы чемпионатта жеңіс дәмін әлі татпады. «Горняктың» алдағы тур нәтижесі бойынша плей-офф аймағына кіруге мүмкіндігі мол.

«Құлагер» - «Снежные Барсы»

Кезекті турға елордалық ұжым өзінің петропавлдық қарсыластарынан оқ бойы озық жетті. Алайда бұл жекпе-жектің жеңімпазы кім болатынын болжау қиын. Өткен маусымда «Снежные Барсы» Солтүстік Қазақстаннан бір жеңіспен қайтты, алайда ол уақыттан бері қос команданың да құрамы түбегейлі өзгерді.

«Сарыарқа» - «Алтай Торпедо»

Өскемендіктер жақындағы ауыр соққан «Сарыарқадан» жеңілісті ұмыта қоймаған сияқты. Бас бапкері ауысқаннан кейін «Алтай Торпедо» Алматыдан үш ұпай әкетіп, өз жағдайларын сәл-пәл жақсартты. Алайда қонақтарға әрі қарай ұпай жинау оңай болмайтын түрі бар. Себебі қарағандылықтар екі сенімді жеңістен басқа нәтижені мойындамайтыны анық.