Торпедо мен Теміртау жеңілу дегенді білмейді, Сарыарқаның алғашқы жеңісі. 1 қарашадағы матчтарға шолу

1 qarasha
1408

«Ертіс» «Горнякқа» есе жіберіп, осымен төртінші рет қатарынан жеңіліс дәмін татты. «Теміртау» жеңістер легін жалғастыруда. «Сарыарқа» маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. «Арлан» буллиттер сериясында «Алтай Торпедодан» басым түсті. «Торпедо» сегіз матчтың сегізінде де жеңіске жетіп отыр. «Номад» болса, Олег Болякиннің командасының ізін өкшелеп қуып келеді.

«Горняк» – «Ертіс» кездесуінің жеңімпазы үшінші кезеңнің соңғы минутында анықталды. Алаң иелеріне жеңісті Владислав Власовтың дөп салған шайбасы сыйлады. «Ертіс» маусым басындағы екі жеңістен кейін қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырады.

"Горняк" – "Ертіс" 3:2 (1:0, 0:0, 2:2)

1:0 – 01:24 – Сошников (Штефан, Москалев) ГБ

1:1 – 44:58 – Путилов (Самойлов, Волгин) ГБ

2:1 – 50:06 – Юлбарисов (Щанкин)

2:2 – 53:01 – Марушев (Жиляков, Самойлов)

3:2 – 59:03 – Власов (Ахметвалиев, Бархаткин)

Қақпашылар: Нечвиенко – Микушин

Аралық тізбектегі үшінші орын үшін «Теміртау» өз алаңында «Құлагерді» жеңді. Бұл ойында екінші ойын кезеңі шешуші болып, Роман Козловтың ойыншылары өздеріне қолайлы ойын өрнегін көрсетіп, кездесуді жеңіспен аяқтады. Бұл сары-қаралардың қатарынан бесінші жеңісі.

"Теміртау" – "Құлагер" 4:2 (1:1, 2:0, 1:1)

1:0 – 10:46 – Шишов (Потапов)

1:1 – 12:49 – Хорошев (Попитич, Первухин)

2:1 – 27:30 – Галыгин (Лызин, Гусейнов)

3:1 – 35:13 – Жорабек (Пальмтаг, Лазарев)

3:2 – 54:41 – Первухин (Попитич, Хорошев) ГБ

4:2 – 58:24 – Аноховский

Қақпашылар: Селивёрстов – Хозяшев

Оңтүстік астаналық команда итжығыс ойында жеңісті «Сарыарқадан» жұлып әкетті. Бұл қарағандылық ұжымның осы маусымдағы алғашқы жеңілісі. Павел Думаның ұжымына үш ұпайды Станислав Бутузовтың дәл салынған шайбасы мен Павел Полуэктовтың тойтарыс берген 26 соққысы сыйлады.

"Алматы" – "Сарыарқа" 2:1 (0:1, 1:0, 1:0)

0:1 – 01:23 – Воронков (Кулиев, Михайлов)

1:1 – 27:02 – Ефимов (Бельгибаев, Буяльский)

2:1 – 52:17 – Бутузов (Спиридонов)

Қақпашылар: Полуэктов – Бояркин

"Алтай Торпедо" мен "Арлан" жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтай алды. Бұл жолы тәжірибелі көкшетаулықтар дәлірек түсті – жеңіс сыйлаған соққыны «көкшеліктердің» жаңа ойыншысы Дмитрий Мегалинский жасады.

"Алтай Торпедо" – "Арлан" 2:3 Б (0:1, 2:1, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 02:35 – Бердников В. (Ермолаев)

1:1 – 27:16 – Тихомиров (Скуматов, Дзедаев)

2:1 – 34:49 – Хоменко (Караваев, Богачонок) ГБ

2:2 – 38:16 – Ермолаев (Бердников В.)

2:3 – 65:00 – Мегалинский

Қақпашылар: Нурек – Демидов

«Ақтөбемен» матчтағы екпінді екінші кезең «Торпедоға» чемпионат басындағы сегізінші жеңісті сыйлады. Өскемендіктер бар болғаны бір ұпай жоғалтып, турнир кестесін нық бастап тұр.

"Ақтөбе" – "Торпедо" 1:4 (1:1, 0:3, 0:0)

0:1 – 07:53 – Левицкий (Сироткин, Мерескин)

1:1 – 12:40 – Зубковский (Зинченко, Маркелов)

1:2 – 26:16 – Виноградов (Шин, Кучин)

1:3 – 27:35 – Стулов (Сироткин, Мерескин)

1:4 – 30:19 – Тымченко (Бекетаев, Архипов)

Қақпашылар: Мальгин – Шутов

«Бейбарысқа» маусымдағы алғашқы жеңіске жету үшін өз алаңында 32 секунд жетпеді. «Номад» кездесу барысында есепті 0:2 етіп, кейін ойынды овертаймға айналдырды. Қосымша бес минутта Алексей Зубов елордалық ұжымға қатарынан жетінші жеңіс әкелді. «Көшпенділер» әзірге чемпионаттың көшбасшысы «Торпедоға» тартысты бәсеке туғызып келе жатқан жалғыз ұжым.

"Бейбарыс" – "Номад" 3:4 ОТ (2:1, 0:1, 1:1, 0:1)

1:0 – 03:06 – Бандуркин (Сулейманов, Дерябин)

2:0 – 06:35 – Старцев (Воробьев, Рыжих) ГБ

2:1 – 19:57 – Некряч (Пелевин, Клепко) ГМ

2:2 – 21:33 – Муратов

3:2 – 54:28 – Дерябин (Петров, Болякин)

3:3 – 59:28 – Гатиятов (Данияр Сн., Рунов)

3:4 – 61:41 – Зубов (Полохов, Пархоменко)

Қақпашылар: Белоконский – Крамарь