Турдың қаһарманы – Максим Павленко

29 qyrkúıek
2622

ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне елеулі үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Екінші апта қатарынан қақпашылар біздің жарияланымдарымыздың кейіпкері атанып отыр. Максим Павленко «Снежные Барсы» командасының «Ертіске» қарсы ойынындағы екі жеңісіне үлес қосты (1:0 және 2:1 ОТ). Жас әрі перспективалы қазақстандық қақпашы 120 минуттан астам уақытқа созылған бұл жекпе-жекте небәрі бір ғана шайба өткізді. Жалпы алғанда, ол 36 соққыға тойтарыс берді.

Жинаған төрт балының арқасында «Снежные Барсы» Қазақстан чемпионатында алғаш рет аралық кестенің төртінші қатарына шықты.