«Снежные Барсы» биылғы маусымда «Ертісті» төртінші рет жеңді. «Алтай Торпедо» «Алматыны» жеңіліске ұшыратты.
Елордадағы «Снежные Барсы» мен «Ертіс» арасындағы екінші жекпе-жек овертайммен аяқталды. Павлодарлықтар ағымдағы чемпионаттағы алғашқы балына қол жеткізді, алайда жеңіс алаң иелеріне бұйырды. Жеңіс шайбасын «барыстардың» капитаны Әлихан Өмірбеков салды.
«Снежные Барыс» - «Ертіс» 2:1 ОТ (0:0, 1:0, 0:1, 1:0)
1:0 – 24:50 – Бреус (Шульга)
1:1 – 43:00 – Туспеков (Сейтанов) ГБ
2:1 – 63:08 – Омирбеков (Бреус, Колодюк)
Қақпашылар: Павленко – Штукерт
«Алматы» кезекті рет жеңіліске ұшырады. Бұл кездесуде үш шайбаның үшеуі де көпшілік құраммен салынды. Денис Куянов дубль жасап, «Алтай Торпедоның» жеңілістер сериясын үзді.
«Алматы» - «Алтай Торпедо» 1:2 (0:0, 1:1, 0:1)
1:0 – 29:09 – Панков (Леванов, Тунхузин) ГБ
1:1 – 31:19 – Куянов (Белохонов, Лагунов) ГБ
1:2 – 34:30 – Куянов (Гурин, Каиров) ГБ
Қақпашылар: Полуэктов – Полошков