Снежные Барсы алтыншы орынға көтерілді

26 qyrkúıek
1827

Pro Ligasy ойын күнінің жалғыз матчында «Снежные Барсы» «Ертісті» минималды есеппен жеңді.

Жас ұжымдардың кезекті жекпе-жегінде барлығын бір шайба шешті. «Снежные Барсы» командасына жеңісті Константин Морожниковтың дөп салған соққысы мен Максим Павленко тойтарыс берген 17 сейв сыйлады. Жинаған үш ұпайының арқасында Александр Истоминнің командасы турнир кестесінде алтыншы орынға шықты.

«Снежные Барсы» - «Ертіс» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 – 25:54 – Морожников (Муканов)

Қақпашылар: Павленко – Штукерт