Қазақстан чемпионатының үш күндік бөлігінде тек екі кездесу өтпекші.
«Снежные Барсы» - «Ертіс»
Қос команданың Павлодардағы матчтарынан кейін небәрі екі апта өтті. Ол кезде елордалық ұжым екі рет жеңіске жеткен болатын. «Ертіс» әзірге лиганың бір де бір балл жинамаған жалғыз командасы болып отыр. «Снежные Барсы» жолдары болған жағдайда, өздерінің ұяластары «Номадты» басып озып, плей-оффқа енуі мүмкін.
«Алматы» - «Алтай Торпедо»
Оңтүстік астана мен Өскемен жанкүйерлері өз командаларынан мұндай деңгейді күткен жоқ. «Алматы» мен «Торпедо» әзірге турнир кестесінің төменгі жағында қалды, нәтижесінде қос ұжым да бас бапкерлерін ауыстырды. Таныс-біліске уақыт жоқ, Олег Шулаев пен Георгий Верещагин шұғыл командаларын құтқарулары тиіс.