ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне елеулі үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен турда «Торпедо» түзде мығым «Ақтөбені» екі рет жеңді. Бұл жеңістердің басты авторы – өскемендіктердің голкипері Андрей Янков. Екі матч бойы ол қарсыластарға өз қақпасын алдырмады. Янковтың қоржынында тойтарыс берілген 79 соққы бар. Өз ойыншысының соңғы кезеңдегі сенімді ойыны «Торпедоға» Ақтөбеден төрт балл әкетіп, чемпионаттың үздік үштігіндегі орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді.