«Арланның» шабуылшысы Роман Бердников команданың чемпионат басындағы ойыны туралы айтып берді, сонымен қатар жаңа маусымнан не күтетінімен бөлісті.
- Роман, «Арлан» маусымды жаман бастамады. Ең жоғары орындар үшін күреске қалайша бел шеше кірісіп кеттіңдер?
- Біз әрбір ойынға, әрбір қарсыласқа үлкен жауапкершілікпен дайындаламыз, матчтарды талқылаймыз. Бапкерлердің айтқанын толықтай орындауға тырысамыз. Жігіттер жеңістен үмітті.
- Жазда команданың көптеген серкелері кетті. Олардың орнын толыққанды баса алып жатыр ма?
- иә, команданың жартысынан көбісі жаңарды. Алайда бұл хоккей емес пе, біреу келеді, біреу кетеді. Оның үстіне, орнын ешкім баса алмайтын адам жоқ деп есептеймін (күледі). Әрбір ойыншы өз қызметін атқарады, біз біртіндеп өз ойын өрнегімізді тауып, үйлесімдер табамыз. Бұдан да мықтырақ бола түсеміз деген үміттемін.
- Соңғы матчтарда «Арлан» көпшілік құрамда жақсы ойнап жүр. «Қалауын тапты» деуге бола ма?
- Біз әрбір жаттығуда бұл компонентті пысықтаймыз. Барлығы көпшілік құрамда сәтті қимылдасақ, жеңу оңай болатынын бәрі түсінеді. Себебі тең емес құраммен ойнау кездесудің тағдырын шешеді.
- Өткен маусымда «Арлан» финалға жетті. Қалай ойлайсыз, биылғы чемпионатта қандай орындар үшін таласуға дайынсыздар?
- Бізде бір мақсат – жеңу. Әрбір матчта барымызды саламыз, өткен жылғыдан кем өнер көрсеткіміз келмейді.