Арлан мен Бейбарыс қателік жібермеді. 21 қыркүйектегі матчтарға шолу

21 qyrkúıek
1441

«Арлан» «Алтай Торпедоны» сенімді түрде жеңді. «Құлагер» буллиттер сериясында «Теміртаудан» жеңісті жұлып әкетті. «Сарыарқа» «Алматыны» жеңу үшін біршама тер төкті. «Бейбарыс» қатарынан төртінші матчты жеңді. «Ақтөбе» «Торпедоның» қақпасын ала алмады.

«Алтай Торпедо» екпін алған «Арланға» қарсы тұра алмады. Кездесу көкшетаулықтардың жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар құрамынан Ярослав Евдокимов дубль жасады.

«Алтай Торпедо» - «Арлан» 1:7 (0:2, 1:3, 0:2)

0:1 – 01:33 – Боровков

0:2 – 03:43 – Лукин (Бердников)

1:2 – 25:29 – Куянов (Лагунов) ГБ

1:3 – 28:10 – Маркелов (Боровков, Пархоменко)

1:4 – 31:48 – Терещенко (Евдокимов)

1:5 – 37:24 – Евдокимов (Половников, Кусайын)

1:6 – 41:58 – Евдокимов (Евграфов) ГБ

1:7 – 51:37 – Меньщиков (Колесников, Боровков) ГБ

Қақпашылар: Полошков – Румянцев (Чепец, 41:58-60:00)

«Теміртау» мен «Құлагер» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Петропавлдықтарға жеңісті алдымен ойынды үшінші кезең аяқталуға таяғанда овертаймға айналдырып, кейін шешуші буллитті іске асырған Максим Макеев сыйлады.

«Теміртау» - «Құлагер» 2:3 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 – 24:00 – Богацкий (Гевель, Фролов)

1:1 – 34:13 – Жорабек (Белоцкий)

2:1 – 41:20 – Белоцкий (Росляков)

2:2 – 54:54 – Макеев (Болдин)

2:3 – 65:00 – Макеев ПБ

Қақпашылар: Еремеев – Грязнов (Нечвиенко, 65:00-65:00)

«Сарыарқа» «Алматымен» кездесуде жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. Алаң иелері соңғы минуттарда есеп айырмашылығын минимумға дейін азайтты, алайда қарағандылықтар өз дегендерінде тұрды. Соңғы шайба Денис Федоровқа тиесілі.

«Алматы» - «Сарыарқа» 2:3 (1:1, 0:0, 1:2)

1:0 – 10:40 – Васёнкин

1:1 – 11:26 – Аноховский (Кулиев, Сиксна) ГБ

1:2 – 49:01 – Безруков (Беляев) ГБ

1:3 – 53:36 – Федоров (Ларионов)

2:3 – 57:20 – Сейфулов (Абил)

Қақпашылар: Полуэктов – Селивёрстов

«Номад» Батыста үшінші рет жеңіліске ұшырады. «Бейбарыс» әдеттегідей қорғаныста мығым ойнап, бірнеше сәтті ұтымды іске асырды. Дубль Герман Шапоровтың есебінде.

«Бейбарыс» - «Номад» 4:1 (2:1, 1:0, 1:0)

1:0 – 03:47 – Шапорев (Дыньков, Твердохлебов)

2:0 – 07:07 – Шапорев (Твердохлебов, Болякин)

2:1 – 09:47 – Гайтамиров (Несветаев) ГБ

3:1 – 24:17 – Воробьев (Ишмаметьев, Курепанов)

4:1 – 51:12 – Старцев (Воробьев, Степаненко)

Қақпашылар: Мальгин – Калмыков (Амирбеков, 07:07-60:00)

«Торпедо» «Ақтөбемен» кездесудің әрбір кезеңінде бір-бір шайбадан салды. Мұнысы құрғақ жеңіс үшін жеткілікті болды. Дмитрий Гренц дубль жасады, кездесудің басты қаһарманы Андрей Янков 37 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)

0:1 – 09:49 – Гренц (Лихотников, Шин)

0:2 – 23:21 – Лихотников (Игнашин, Шин) ГБ

0:2 – 51:59 – Гренц (Лихотников)

Қақпашылар: Шаров – Янков