Жилов Рудныйда, Құлагер Волгинмен қоштасты. Аптаның ауыс-түйістері

20 qyrkúıek
1083

Назарларыңызға өткен кезеңдегі Pro Ligasy командаларындағы ең қызықты ауысуларға дәстүрлі шолуды ұсынамыз.

Бейбарыс оңтайлы құрамды іздестіруде

Атыраулық ұжым агрессивті трансферлік саясатты ұстанып, негізгі құрамның әлеуетті ойыншыларын іс жүзінде қарауды жалғастыруда. Өткен аптада «Бейбарыс» құрамынан шабуылшы Денис Гурьев кетті. Атыраулықтар сапын уфалық хоккейдің тәрбиеленушісі, қорғаушы Спартак Басимов пен «Теміртаудың» экс-шабуылшысы Никита Колесников толықтырды.

«Горняк» Жиловпен келісімшартқа қол қойды

«Теміртаудың» тағы бір экс-форварды Рудныйға өтті. Өткен маусымда Жилов «сары-қаралар» құрамында әр матч сайын 0,3 ұпайдан жинады. Енді Сергейдің мансабында жаңа кезең.

Волгин «Арланға» оралды

Көкшетаулық ұжымның бапкерлер штабына жақсы таныс қорғаушы маусымды «Құлагермен» бастады. Алайда төрт матчтан кейін петропавлдық клуб пен Андрей келісімшартты бұзуға бел буды.