ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне елеулі үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
«Арланның» оңтүстік астанаға сапары сәтті болып, «Арланды» екі рет жеңді. Турдың қаһарманы ретінде көкшетаулық ұжымның шабуылшысы Роман Бердников танылды. Екі матч бойынша ол 6 (1+5) балл жинады. Бір сүйсінерлігі, форвард өз командасының гол салған жеті шабуылының алтауына қатысты. Бердников үшін ең нәтижелі ойын екінші жекпе-жек болды, оның барысында ол кезекті шайбасын салып, төрт рет әріптестеріне ассистенттік етті.
Екі жеңісі мен салынған және өткізілген шайбалардың тиімді айырмасының арқасында Сергей Бердниковтің командасы турнир кестесінің бірінші қатарына шықты.