Елордалық командалар жеңіске жетті. 16 қыркүйектегі матчтарға шолу (жаңаруда)

17 qyrkúıek
1564

«Барыс» «Мұнайшының» қақпасына 12 шайба аттандырды. «Барыс-Жас» Петропавлдан алты ұпаймен қайтты. «Алматы» тағы да «Арлан» академиясын жеңіп кетті. «Қыран» «Астанадан» қарымта қайтарды. «Торпедо» Оралда ең жоғары балды иеленді. «Ақтөбе» «Горняктан» басым түсті.

Елордадағы екінші кездесуде «Мұнайшы» ойсырай жеңілді. Екінші кезеңде жеті шайба өткізген павлодарлықтар құрғақ жеңілістен үшінші кезеңде ғана құтыла алды. Илья Шапоров покер жасап, үш рет пас берді, сонымен қатар Алайдар Актаев жеті (2+5) ұпай жинады.

«Барыс» – «Мұнайшы» 12:1 (3:0, 7:0, 2:1)

1:0 – 01:11 – Есмурзиев (Камибаев)

2:0 – 06:49 – Шапоров (Актаев, Кисель)

3:0 – 11:09 – Актаев (Кисель)

4:0 – 20:33 – Талдыкин (Шапоров, Актаев)

5:0 – 21:21 – Камибаев (Фокин)

6:0 – 23:00 – Актаев (Шапоров, Кисель) ГБ

7:0 – 27:28 – Шапоров (Есмурзиев, Кисель)

8:0 – 27:37 – Кисель (Шапоров, Актаев)

9:0 – 36:30 – Шапоров (Актаев, Телгожаев) ГБ

10:0 – 38:08 – Поленов (Камибаев, Селезнёв)

11:0 – 40:20 – Шапоров (Актаев, Кисель)

12:0 – 44:01 – Яковенко ГМ

12:1 – 44:44 – Знаемский (Бекешев, Бутенко) ГБ

Қақпашылар: Габдуллин – Щербаков (Гущин 27:28-60:00)

«Құлагер» – «Барыс-Жас» матчының екі кезеңінің қорытындысы бойынша елордалық ұжым кезекті рет сенімді түрде жеңіске жететіндей көрінді. Алайда соңғы кезеңде петропавлдықтар қимылды едәуір үдетіп, есеп айырмашылығын азайтты, сонысымен қарсыласты біршама састырды. Дегенмен қонақтар өз дегенінде тұрды.

«Құлагер» – «Барыс-Жас» 5:6 (1:2, 1:3, 3:1)

1:0 – 05:23 – Хальзев (Махамадеев)

1:1 – 08:23 – Корчагин (Гросс)

1:2 – 10:22 – Манаш (Гросс, Никитин) ГБ

1:3 – 20:18 – Жусупбеков (Ляпунов)

1:4 – 23:41 – Гросс (Корчагин, Леута)

2:4 – 35:24 – Букарь (Серик, Кузьмин) ГБ

2:5 – 38:22 – Русланулы (Симонов) ГБ

2:6 – 49:15 – Леута (Корчагин, Гросс)

3:6 – 50:04 – Кузьмин

4:6 – 50:44 – Горбань

5:6 – 52:12 – Капица (Кабашев, Кузьмин) ГМ

Қақпашылар: Коваль – Никитин

«Алматы» «Арланмен» матч кезеңдерінің әрбірінде бір шайбадан салып, Көкшетауда алты ұпай жинады. Жеңіс шайбасы Данил Созиновқа тиесілі.

«Арлан» – «Алматы» 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)

0:1 – 07:03 – Айдуков (Андрусенко) ГБ

0:2 – 33:04 – Созинов (Андрусенко, Гуняшев) ГБ

1:2 – 38:13 – Мажикенов (Алякин) ГБ

1:3 – 51:06 – Щенов (Созинов)

Қақпашылар: Дударкиев – Байдек

«Қыран» кешегі жеңілісі үшін «Астанадан» қарымта қайтарды. Кездесу қаһармандарының бірі – дубль жасаған қарағандылық шабуылшы Григорий Степанов.

«Астана» – «Қыран» 3:5 (0:2, 3:3, 0:0)

0:1 – 13:20 – Корягин (Свинтальский, Пономарёв) ГБ

0:2 – 15:17 – Степанов ГМ

1:2 – 26:23 – Жумабай (Карпасов, Мигунов)

1:3 – 27:26 – Терехов (Свинтальский, Медведков)

1:4 – 29:22 – Белоус ГМ

1:5 – 35:38 – Степанов (Ущев, Денисов)

2:5 – 37:47 – Ракишев (Карпасов) ГБ

3:5 – 38:03 – Китаров (Шаяхметов)

Қақпашылар: Риттингер (Доронин, 29:22-60:00) – Дубович

«Ястребы» тағы да «Торпедоға» төтеп бере алмады. Оралдағы екінші кездесу де бастапқы турда-ақ ең жоғары ұпайды жинаған қонақтардың жеңісімен аяқталды.

«Ястребы» – «Торпедо» 3:6 (1:3, 0:2, 2:1)

0:1 – 03:24 – Попов (Панченко)

0:2 – 05:00 – Масленников (Базанов)

0:3 – 09:57 – Якубджанов (Чигаев)

1:3 – 19:51 – Некрасов (Аманжолов, Залевский)

1:4 – 23:13 – Первутинский (Панченко)

1:5 – 35:33 – Омельковец (Якубджанов)

1:6 – 43:40 – Базанов

2:6 – 44:25 – Аманжолов (Иванников)

3:6 – 57:24 – Камиден

Қақпашылар: Мейдер – Осокин

«Ақтөбе» алғашқы кезеңді екпіндетіп өткізді, алайда әрі қарай бар басымдылығынан айрыла жаздады. Әйтсе де алаң иелері дер кезінде ес жиып, ойын барысын өз бақылауларына алды. Жеңімпаздар құрамынан Ерасыл Шайкенов дубль жасады.

«Ақтөбе» – «Горняк» 6:2 (4:0, 0:2, 2:0)

1:0 – 00:36 – Плотников

2:0 – 05:41 – Кураков (Комиссаров) ГБ

3:0 – 09:08 – Шайкенов (Комиссаров, Кураков)

4:0 – 17:58 – Беляев (Гулый, Тимофеев)

4:1 – 33:45 – Алиев (Жабаровский)

4:2 – 39:50 – Пархоменко (Ишин, Жабаровский)

5:2 – 54:15 – Шайкенов (Анцельм, Кураков)

6:2 – 58:17 – Гулый (Анцельм) ГМ

Қақпашылар: Костюков – Митрофанов (Лигай, 20:00-60:00)