Горняк алғашқы жеңісін күтуде, Бейбарыс пен Торпедо Атырауда ойнайды

16 qyrkúıek
2389

Жұма күні Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңі басталады.

«Горняк» - «Құлагер»

Рудныйлықтар «Номадқа» қарсы матчты жаман өткізбеді, алайда нәтижесі бойынша небәрі бір балл жинады. «Құлагер»чемпионат басында негізгі уақытта тек бір матчтан жеңілді, алайда құрамы жаңарған петропавлдықтар кезекті турда фаворит болады деп айтуғаерте.

«Снежные Барсы» - «Теміртау»

Лиганың өткен турдағы ең жас ұжымы павлодарлық қарсыластарға еш мүмкіндік қалдырмай, үйге жақсы көңіл күймен оралды. «Теміртаулықтардың» қоржынында әзірге 2 балл бар, сондықтан Данияр Ахметовтің командасы алдағы елордада өтетін кездесулерде намысқа тырысуы тиіс.

«Алматы» - «Арлан»

Оңтүстік астаналық ұжым «Торпедоның» тегеурініне төтеп бере алмады. Ал енді Алматыға үздік үштіктен тағы бір команда қонаққа келді. Евгений Штайгердің командасы чемпионат басынан бері өзін Лиганың ең мықты қақпашысы ретінде танытып жүрген Илья Румянцевтің қақпасына шайба өткізе ала ма?

«Алтай Торпедо» - «Сарыарқа»

Қазіргі чемпион өткен турды өткізіп жіберіп, маусымдағы алғашқы түздегі ойынға дайындалып үлгерді. «Алтай Торпедоның» Нұр-Сұлтан – Теміртау бағытындағы өз сапарына көңілі тола қоюы екіталай. Оның аясында Досжан Есіркеновтің командасы бір ғана рет жеңіске жетті.

«Бейбарыс» - «Торпедо»

Шын мәнісінде турнир кестесінің көшбасшысы «Торпедоны» алғашқы салмақты сынақ күтіп тұр. Атыраулықтар үштіктің ішінде және әдетте қорғаныста мығым ойнайды. Ал өскемендік ұжым керісінше қыркүйекте Лиганың ең нәтижелі ұжымы атанды. Турдың маңызды жекпе-жегі елдің батысында өтеді.

«Ақтөбе» - «Номад»

Іс жүзінде Ақтөбеде чемпионаттың екінші және сегізінші командалары ойнайды, алайда бұл жұпта кімнің оза шабатыны белгісіз. Михаил Шанцевойдың қоластында тәжірибелі ойыншылар бар, олар қаласа кез келген қарсыластың шаңын қаға алады. «Көшпенділер» болса, әзірге өздерінің жас, қызуқанды хоккей стилін барынша пайдалануда. Бұл Александр Высоцкийге қатарынан төрт жеңіс сыйлады.