«Горняктың» баспасөз қызметі хабарлағандай, рудныйлықтардың ішіндегі майталманы Алексей Коптяев ойыншы мансабын аяқтап, енді жастар командасының бапкерлік штабында жұмыс жасауға бел буды.
Шабуылшы Қазақстан чемпионатында 11 маусымды (400-ден астам матч), оның 7-еуін «Горняк» құрамында өткізді. Сондай-ақ Алексей сәтбаевтық «Қазақмыс» пен петропавлдық «Құлагер» үшін ойнады. Коптяев ұлттық біріншіліктің қола медальдарын екі ретін жеңіп, екі рет ҚР Кубогінің иегері атанды.
Енді рудныйлық хоккейдің беткеұстары Андрей Шевченконың бапкерлік штабында қызмет етіп, өзінің баға жетпес тәжірибесін өскелең ұрпаққа бере алады.