Игнашин Торпедода, Васильев Құлагердің бапкерлік штабында. Аптаның ауыс-түйістері

14 qyrkúıek
2541

Назарларыңызға өткен кезеңдегі Pro Ligasy командаларындағы ең қызықты ауысуларға дәстүрлі шолуды ұсынамыз.

Анатолий Васильев ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, «Құлагердің» бапкері атанды

Анатолий петропавлдық клубтың іргесін қаласқан ойыншылардың бірі болды. Нуриев – Волков – Нуриев звеносы сол кезде чемпионаттағы ең нәтижелілердің бірі болып, Құлагерге үлкен табыстар, оның ішінде Кубоктер мен медальдар әкелді. Енді Васильев теріскейліктердің бапкерлер штабын толықтырды және командаға басқа қызметімен пайда әкелмекші.

Игнашин кезекті рет «Торпедоға» оралды

Тәжірибелі орталық шабуылшы «Торпедоның» онсыз да мықты шабуыл шебін күшейтетіні сөзсіз. Чемпионаттың бастапқы матчтарында Денис екі шайба салып, өз келісімшартын дереу ақтауға кірісті.

Максим Дубовик «Алматыға» ауысты

Мығым қорғаушы Қазақстанмен жақсы таныс. 2019-20 жылғы маусымда ол ЖХЛ-да «Номад» үшін ойнады. Өткен жылы Дубовик саратовтық «Кристалдың» үздіктерінің бірі болды.