ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне елеулі үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
«Номадтың» қорғаушысы Александр Пелевин – «көшпенділердің» Рудныйдағы екі жеңісіне атсалысушылардың бірі. Бірінші ойында елордалық ұжымның капитаны дубль жасады. Бұл ретте Пелевин есепті үшінші кезеңнің аяқталуына бір секунд қалғанда теңестіріп, овертаймда командасын жеңіске жеткізді. Жалпы алғанда екі матч бойы «Номадтың» 79-шы нөмірі +1 тиімділік көрсеткішімен 3 балл жинады және 4 соққы жасады.
Өз капитанының мығым әрі сенімді ойынының арқасында Александр Высоцкийдің ойыншылары бірде-бір рет жеңіліс дәмін татпады және қазір турнир кестесінде екінші орынды иеленіп отыр.