Теміртаудың алғашқы жеңісі, Снежные Барсы бестікте. 11 қыркүйектегі матчтарға шолу

11 qyrkúıek
2619

«Торпедо» «Алматыны» ойсырата жеңді. «Бейбарыс» «Құлагерге» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Номад» тағы да «Горняктан» басым түсті. «Снежные Барсы» Павлодардан төрт ұпаймен қайтпақшы. «Арлан» «Ақтөбені» тырп еткізбеді. «Теміртау» чемпионаттағы жеңісін бастады.

«Торпедолықтар» чемпионат басында төртінші жеңісіне қол жеткізді. «Алматы» бүгін шабуылда осал болды, сондықтан кездесу аса тартысты өтпеді. Никита Колобов дубль жасады. Владислав Нурек қақпаға бағытталған барлық соққыларға төтеп берді.

«Торпедо» - «Алматы» 6:0 (2:0, 1:0, 3:0)

1:0 – 02:43 – Михайлов (Кучин)

2:0 – 14:14 – Колобов (Петров)

3:0 – 29:36 – Колобов (Петров, Дзедаев)

4:0 – 43:41 – Стасюк (Кучин, Боровиков)

5:0 – 47:38 – Дзедаев (Гренц, Таталин)

6:0 – 51:16 – Дерзаев (Петров, Дзедаев) ГМ

Қақпашылар: Нурек – Полуэктов (Шалманов, 51:35-60:00)

Петропавлдағы кездесу де осыған ұқсас өтті. «Бейбарыс» өз аумағында сенімді ойнап, әлсін-әлсін шабуылдап отырды. Ал алаң иелері Дмитрий Мальгиннің қақпасына аттап баспады, осылайша атыраулықтар «құрғақ» жеңіске қол жеткізді.

«Құлагер» - «Бейбарыс» 0:4 (0:1, 0:2, 0:1)

0:1 – 13:20 – Твердохлебов (Шапорев)

0:2 – 21:47 – Шапорев (Рыжих, Гарифулин)

0:3 – 22:33 – Ананичев Ар. (Гарифулин, Закарлюкин) ГБ

0:4 – 45:06 – Москалев (Ананичев Ал., Ананичев Ар.) ГБ

Қақпашылар: Грязнов – Мальгин

«Номад» «Торпедоны» алысқа ұзатпады. «Көшпенділер» де қатарынан төртінші кездесуінде жеңіске жетті. Шешуші шайбаның авторы – Григорий Несветаев.

«Горняк» - «Номад» 2:3 (0:1, 1:0, 1:2)

0:1 – 01:33 – Тетерин (Рунов, Мухаметов)

1:1 – 28:19 – Ханьжин (Ширяев)

1:2 – 44:16 – Гусейнов (Гатиятов)

2:2 – 51:18 – Куршук (Юлбарисов)

2:3 – 56:08 – Несветаев (Марков, Бекетаев)

Қақпашылар: Белоконский – Калмыков

«Снежные Барсы» Павлодарда өз жетістігін арттыра алды. Александр Истоминнің командасы үш рет көпшілік құрам ұйымдастырып, өз қақпасына шайба жуытпады. «Құрғақ» жеңіске Максим Павленко ие.

«Ертіс» - «Снежные Барсы» 0:3 (0:2, 0:0, 0:1)

0:1 – 02:35 – Логвин (Колодюк, Омирбеков) ГБ

0:2 – 19:59 – Шульга (Муканов, Морожников) ГБ

0:3 – 58:55 – Морожников (Шетле, Шульга) ГБ

Қақпашылар: Микушин – Павленко

«Арлан» өз сәттерін асқан ұқыптылықпен жүзеге асырып, қоржынына екі балл салды. «Ақтөбемен» матчта үшінші кезең шешуші болып, оның барысында «көкжалдар» екі рет көпшілік құрам жасады.

«Арлан» - «Ақтөбе» 4:1 (0:0, 2:1, 2:0)

1:0 – 20:43 – Борисов (Маркелов, Боровков)

1:1 – 23:05 – Скатов (Митряков)

2:1 – 28:09 – Лукин (Бердников, Акишин)

3:1 – 46:40 – Жиляков (Лукин, Евграфов) ГБ

4:1 – 57:02 – Боровков (Пархоменко) ГБ

Қақпашылар: Румянцев – Тихонов (Шаров, 28:09-60:00)

«Теміртау» үлкен тер төгіп, чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алаң иелері үшінші кезеңді жақсы өткізіп, есепті өз пайдасына шешті. Шешуші шайбаның авторы – Анатолий Шишов.

«Теміртау» - «Алтай Торпедо» 3:2 (0:0, 1:1, 2:1)

1:0 – 23:16 – Пономарёв (Жабунин, Двуреченский)

1:1 – 31:36 – Куянов (Гурин, Ивашин)

2:1 – 44:53 – Попов (Потапов) ГМ

3:1 – 50:03 – Шишов (Асуханов) ГМ

3:2 – 59:04 – Худяков (Архипов, Быков)

Қақпашылар: Ибрагимов – Полошков (Осокин, 52:59)