Торпедоның үшінші жеңісі, Номад құтқарылды. 10 қыркүйектегі матчтарға шолу

10 qyrkúıek
1573

«Торпедо» «Алматыны» жеңді. «Снежные Барсы» «Ертістен» басым түсті. «Арлан» «Ақтөбені» сенімді түрде жеңді. «Құлагер» «Бейбарыстан» мығым болды. «Алтай Торпедо» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Номад» овертаймда «Горняктан» жеңісті жұлып әкетті.

«Торпедо» «Алматымен» жекпе-жекте төрт рет көпшілік құрам ұйымдастырды да, қорғаныста мығым ойнады. Бұл команданың еш саспай жеңіске жетуі үшін жеткілікті болды. Айтқандай, бұл – өскемендіктердің қатарынан үшінші жеңісі.

«Торпедо» - «Алматы» 4:1 (0:0, 3:1, 1:0)

1:0 – 26:15 – Михайлов (Петров, Боровиков) ГБ

2:0 – 27:02 – Лихотников (Таталин, Гренц) ГБ

2:1 – 27:31 – Баженов (Кузнецов)

3:1 – 30:52 – Таталин (Гренц) ГБ

4:1 – 50:37 – Кучин (Михайлов, Боровиков) ГБ

Қақпашылар: Янков (Ершов, 57:27-60:00) – Полуэктов

«Құлагер» «Бейбарыспен» кездесудің әрбір кезеңінде бір шайбадан салып, чемпионаттағы жеңісін бастады. Шешуші шайбаны Владимир Репин салды.

«Құлагер» - «Бейбарыс» 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

0:1 – 04:01 – Исмагилов (Твердохлебов, Болякин)

1:1 – 05:35 – Макеев (Наместников)

2:1 – 25:24 – Репин (Болдин, Первухин) ГБ

3:1 – 43:08 – Сулейманов (Пальмтаг)

Қақпашылар: Нечвиенко – Хозяшев

«Номад» «Горнякты» маусымдағы алғашқы жеңісінен айырды. Кездесудің басты қаһарманы «көшпенділердің» капитаны Александр Пелевин болды. Ол үшінші кезеңнің аяқталуына бір секунд қалғанда, ойынды овертаймға айналдырып, қонақтарға қосымша бес минуттың бірінші ауысымында-ақ екі балл сыйлады.

«Горняк» - «Номад» 3:4 ОТ (0:1, 2:1, 1:1, 0:1)

0:1 – 17:06 – Мухаметов (Нурлан)

1:1 – 22:37 – Щанкин (Москалев) ГМ

1:2 – 23:00 – Зубов (Пелевин) ГБ

2:2 – 25:17 – Штефан (Кротов, Гуляков)

3:2 – 45:48 – Кротов (Гуляков, Бархаткин) ГБ

3:3 – 59:59 – Пелевин (Зубов)

3:4 – 60:30 – Пелевин (Зубов)

Қақпашылар: Акулинин – Амирбеков

Турнир кестесінің төменгі жағындағы командалардың жекпе-жегінде «Снежные Барсы» жеңіске жетті. Жас ұжым ағымдағы чемпионаттағы алғашқы ұпайларын иемденді. «Ертіс» құрамынан Семён Герасимов дубль жасап, көзге түсті.

«Ертіс» - «Снежные Барсы» 2:4 (0:1, 0:2, 2:1)

0:1 – 11:05 – Омирбеков

0:2 – 24:40 – Колодюк (Тусупбеков, Омирбеков)

0:3 – 32:15 – Логвин

1:3 – 52:51 – Герасимов (Карпов, Туспеков) ГБ

2:3 – 55:40 – Герасимов (Карпов, Сейтанов)

2:4 – 59:04 – Цыбин ПВ

Қақпашылар: Штукерт – Павленко

«Арлан» екінші кезеңнің ортасына қарай «Ақтөбемен» матчты кім жеңетінін ұқтырды. Александр Евграфов дубль жасап, қақпашы Илья Румянцев 28 соққыға тойтарыс берді.

«Арлан» - «Ақтөбе» 4:1 (2:0, 2:1, 0:0)

1:0 – 05:50 – Боровков ГБ

2:0 – 08:08 – Жиляков (Акишин) ГБ

3:0 – 23:41 – Евграфов (Лукин, Бердников)

4:0 – 27:31 – Евграфов (Меньщиков)

4:1 – 33:34 – Киселёв ГМ

Қақпашылар: Румянцев – Шаров (Тихонов, 27:31-60:00)

«Теміртау» чемпионат басында қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады. Бұл жолы Данияр Ахметовтің ойыншылары үшінші кезеңде есепті өз пайдасына шешкен «Алтай Торпедоға» жол берді.

«Теміртау» - «Алтай Торпедо» 1:3 (0:0, 1:1, 0:2)

1:0 – 24:17 – Шишов (Жарёнов) ГБ

1:1 – 37:59 – Гурин

1:2 – 53:17 – Лагунов (Грищенко, Буденчук) ГБ

1:3 – 54:13 – Белохонов (Куянов, Ивашин)

Қақпашылар: Селивёрстов – Полошков