ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі хоккей клубтарының жанкүйерлері арасында туындаған резонансты ескере отырып, «Сарыарқа» - «Арлан» матчы кезінде орын алған жағдайды түсіндіреді.
- 1) «Арлан» ХК жас ойыншы Валентин Терещенконың жарақатын дұрыс тіркеген жоқ. Хаттама жасалды, алайда жарақат медициналық мекемеде уақытылы куәландырылған жоқ. Ол тек команда Көкшетауға оралғаннан кейін араға екі күн салып жасалды.
- 2) Жалпыға міндетті тәжірибеге сәйкес, команда дәрігері ойыншы жарақат алған жағдайда, жедел медициналық жәрдем бригадасына жүгініп, жарақаттың ушығуына жол бермеу үшін ойыншыны матчтан алып тастауы қажет. Видеоға қарасақ, Валентин Терещенко матчтың ашылуына қатысқан, ҚР әнұраны орыдалғанда көк сызықта тұрған, кездесу бойы ойын формасымен қосалқы ойыншылар орындығында отырды. Матч аяқталғаннан кейін де ол мұзға барлық ойыншылармен бірге шығып, жеңімпазды марапаттау шарасына қатысты. Екі күннен кейін Көкшетауда қойылған дәрігердің ресми ұйғарымына сүйенсек, ойыншы мұз алаңында еркін әрі ыңғайлы ойнай алмас еді.
Сонымен қатар «Сарыарқа» ХК-ға төрешілер бригадасының алаң сыртында өз тікелей міндеттерін орындамағаны үшін ақшалай айыппұл салынады. Матч барысында командалар жас ойыншылардың ойын уақыты туралы хабардар болмады, ал хаттамада Валентин Терещенконың матчқа қатысуы туралы белгі бар.
Қазақстан хоккей федерациясы әрдайым тартыстың адал өтуін көздейді, спорттық қағидаларды ұстанады, сонымен қатар жас ойыншының бес минуттық ойыны кездесудің нәтижесіне елеулі ықпал етпейтінін де түсінеді. Дегенмен біз әрдайым нормативтік ережелерге және бекітілген Регламентке сәйкес әрекет етеміз. Осыған байланысты тиісті шешім қабылданды.