«Арланға» «Сарыарқамен» алғашқы матчтың қорытындысы бойынша техникалық жеңіліс есептелді

10 qyrkúıek
2561

Республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Сарыарқа» мен «Арлан» арасындағы матчтың (2021 ж. 05 қыркүйегі) барлық материалдары қарастырылғаннан кейін «Арлан» командасы тарапынан Чемпионат регламентінің бұзылғанын анықтады.

Регламентке сәйкес, команда әрбір матчқа ҚР ұлттық құрамаларында ойнауға құқығы бар кемінде екі жас ойыншыны қосуы тиіс. Сондай-ақ әрбір жас ойыншы (қақпашыны қоспағанда) матч кезінде мұз үстінде кемінде бес минут ойнауы тиіс.

«Арлан» ХК-ның Регламенттің аталмыш пунктін бұзуына байланысты командаға 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептелді.