Торпедо Алматыны қабылдайды, Ақтөбе Солтүстік Қазақстанға сапарын жалғастырады

9 qyrkúıek
2201

Жұма және сенбі күндері қазақстандық жанкүйерлер бірден алты хоккей жекпе-жегіне куә болады.

«Торпедо» - «Алматы»

Турдың негізгі ойындары Өскеменде өтеді. Қазіргі таңда онда чемпионаттың бірінші және екінші командалары ойнайды. Турнир кестесіндегі орындарға қарауға әлі ерте екені түсінікті, алайда факт факт болып қалмақ. «Торпедо» мен «Алматы» өз матчтарын жеңіп қана қоймай, жақсы нәтиже көрсетті. Бомбардирлер тізімінің алғашқы қатарларында «Торпедо» (Артём Лихотников, 5 балл, 1+4) мен «Алматы» (Артём Бурделёв, 5 балл, 0+5) өкілдерінің келе жатқаны мұны растайды.

«Құлагер» - «Бейбарыс»

Петропавлдықтар екі рет «Ақтөбеге» жол берді, алайда екеуі де негізгі ойын уақытынан тыс болды. Сондықтан ұпайға байыған «Құлагер» енді «Бейбарыспен» қиын жекпе-жекке дайындалуда. Атыраулықтар өз кезегінде екі бастапқы кездесуді жеңді. Бұл ретте Аргоковтың командасы – қорғаныста ойнаудан Лиганың екі үздігінің бірі.

«Горняк» - «Номад»

Рудныйлықтар өздерінің чемпионаттағы алғашқы матчтарын өткізеді. «Номад» бастапқы матчтарда «Алтай Торпедоны» жеңу үшін біршама тер төкті. Бұл ретте Александр Высоцкийдің командасы осы жазда елеулі өзгерістерге ұшырады, сондықтан әзірге өзінің өткен жылғы ойын үлгісінен алыстау.

«Ертіс» - «Снежные Барсы»

Жас ұжымдарға маусымдағы алғашқы ұпайларын жинауға тамаша мүмкіндік туып тұр. Қазіргі таңда бұл жекпе-жек чемпионаттағы 12-ші орын үшін тартысқа келеді.

«Арлан» - «Ақтөбе»

Көкшетаулықтар ойламаған жерден Қарағандыда екі рет жеңіске жетті. Бұл тұста «Сарыарқамен» матчты керемет деңгейде өткізген Илья Румянцевтің тамаша ойынын атап өткен жөн. Жұма күні оның көрсеткіштерін Лиганың үздік сұрмергені Денис Скатов құлдыратуға тырысады. Ол «Ақтөбеге» Петропавлдан төрт балмен қайтуға көмектесті және турдың қаһарманы атанды.

«Теміртау» - «Алтай Торпедо»

Қос ұжым да әзірге ұпай жинаған жоқ, сондықтан алдағы жекпе-жек – олар үшін жағдайды түзейтін таптырмас мүмкіндік.