6 қыркүйекте «Құлагер» Қазақстан чемпионатының медальдарына кезекті жорығын бастады. Бұл күн тағы бір маңызды жайтпен айшықталды. Александр Винокуров атындағы Спорт сарайының көгіне өткен маусымда өзінің ойыншы ретіндегі мансабын аяқтаған Ильгиз Нуриевтің жейдесі көтерілді.
«Құлагерде» Нуриев алты маусымын өткізді, оның үстіне осы жылдар бойы Ильгиз капитан рөлін атқарды. Осы уақыт ішінде петропавлдық ұжым екі рет Қазақстан Кубогін жеңді, екі рет ел чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Жалпы алғанда, Нуриев мұз үстіне «Құлагердің» майкасын 350 реттен астам киіп шықты. Айтып өтетін жайт, команда экс-капитан ойнаған 9-шы нөмірді айналымнан алып тастауға бел буды.
Мансабын аяқтағаннан кейін Ильгиз Равилевич командада бапкер ретінде еңбек етуін жалғастырады.