Тур қаһарманы – Денис Скатов

8 qyrkúıek
1647

ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат бойы өз командаларының табысына ең үлкен үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын бастайды.

ProLigasy-ның алғашқы ойын күндері айтарлықтай нәтижелі өтті. «Ақтөбе» Қазақстан Кубогінен кейін ел чемпионатында да сәтті өнер көрсетуін жалғастырды. Михаил Шанцевойдың командасы түзде «Құлагерді» екі рет жеңді (7:6 Б және 2:1 ОТ). Турдың қаһарманы төрт нәтижелі соққы жасаған шабуылшы Денис Скатов атанды.

Алғашқы ойында ол Pro Ligasy маусымындағы алғашқы хет-триктің авторы атанды. Айтып өтетін жайт, бұл жекпе-жекте Денис екі рет көпшілік құраммен гол салды. Екінші матчтың овертаймында 52-ші нөмірдің дөп салған шайбасы батысқазақстандық ұжымға тағы бір жеңіс әкелді. Қазіргі таңда Скатов төрт голымен лиганың үздік сұрмергендері тартысында көш бастап келеді.