Торпедо бірінші орынға шықты. 7 қыркүйектегі матчтарға шолу

7 qyrkúıek
1958

Қазақстан чемпионатының барлық бес матчы «Локомотив» хоккей клубын еске алып, бір минуттық үнсіздікпен басталды. Ярославльдік команданың ұшағы апатқа ұшыраған сәттен бері аттай он жыл уақыт өтті.

«Торпедо» тағы да «Снежные Барсы» командасынан басым түсті. Бүгінгі матчта екінші кезең шешуші болып, алаң иелері жауапсыз төрт шайба салды. Елордалық ұжым құрамынан Николай Шульга дубльмен көзге түсті.

«Торпедо» - «Снежные Барсы» 7:3 (2:1, 4:0, 1:2)

1:0 – 01:48 – Колобов (Петров)

2:0 – 17:45 – Гренц (Лихотников, Таталин)

2:1 – 18:44 – Шульга (Бреус)

3:1 – 22:19 – Петров (Дерзаев, Петросян)

4:1 – 27:06 – Игнашин (Лихотников, Шин) ГБ

5:1 – 29:32 – Таталин

6:1 – 31:31 – Кучин (Громов, Михайлов)

7:1 – 44:02 – Лихотников (Таталин)

7:2 – 51:34 – Шульга

7:3 – 55:17 – Сулейменов (Морожников, Шульга) ГБ

Қақпашылар: Нурек (Ершов, 31:31-60:00) – Павленко (Шефер, 29:32-60:00)

«Теміртау» кездесуді екпіндетіп бастап, екінші кезеңнің басында Дмитрий Мальгиннің қақпасын ашты. Алайда әрі қарай атыраулықтар екі ұтымды сәтті мүлт жібермей, ақтық ысқырыққа дейін нәтижені сақтап қала алды. Шешуші соққы Александр Ананичевтің есебінде. «Бейбарыстың» қақпашысы Дмитрий Мальгин 30 соққыға тойтарыс берді.

«Теміртау» - «Бейбарыс» 1:2 (0:0, 1:1, 0:1)

1:0 – 21:05 – Преснов (Галыгин)

1:1 – 31:03 – Москалев (Исмагилов, Твердохлебов)

1:2 – 43:32 – Ананичев Ал. (Ананичев Ар.)

Қақпашылар: Ибрагимов – Мальгин

«Номад» пен «Алтай Торпедоның» екінші тартысы біріншіден кем түспеді. Алаң иелері басымырақ түсіп, чемпионат басында екінші жеңіске қол жеткізді. Жеңіс шайбасы Захар Пархоменкоға тиесілі.

«Номад» - «Алтай Торпедо» 2:1 (1:0, 0:1, 1:0)

1:0 – 13:08 – Кайыржан (Пелевин)

1:1 – 21:27 – Грищенко (Качулин)

2:1 – 43:02 – Пархоменко (Зубов, Пелевин)

Қақпашылар: Шутов – Полошков

Петропавлдағы екінші матчта командалар тағы да негізгі уақыттан асып кетті. Жеңіс бүгін «Ақтөбеге» бұйырды, ал жеңіс шайбасының авторы чемпионаттың үздік сұрмергені Денис Скатов болды.

«Құлагер» - «Ақтөбе» 1:2 (1:1, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 09:29 – Сошников (Степанов, Иванов)

1:1 – 13:13 – Макеев

1:2 – 60:49 – Скатов (Егоров)

Қақпашылар: Нечвиенко – Шаров

Павлодарлықтар чемпионаттағы алғашқы балдарын жинауға жақын қалды. Алайда кездесудің соңында «Алматы» тағы да екпін қосып, жеңіске жетті. Вячеслав Ипатов дубль жасады.

«Ертіс» - «Алматы» 2:4 (0:1, 0:1, 2:2)

0:1 – 16:47 – Ипатов (Машинец, Бурделёв) ГБ

0:2 – 29:08 – Панков (Чиглинцев, Леванов)

1:2 – 52:19 – Герасимов (Сейтанов)

2:2 – 54:38 – Атаханов

2:3 – 58:22 – Леванов (Чиглинцев) ГБ

2:4 – 59:40 – Ипатов (Баженов, Бурделёв) ПВ

Қақпашылар: Штукерт – Шалманов