«Бейбарыс» «Теміртауды» қиналмай жеңді. «Торпедо» «Снежные Барсы» командасына қарсы жекпе-жекте екі балл жинады. «Номад» «Алтай Торпедомен» матчта мінез танытып, жеңісті жұлып әкетті. «Алматы» «Ертісті» тырп еткізбеді. «Арлан» Қарағандыдан төрт балмен қайтты. «Құлагер» мен «Ақтөбенің» ойыны негізгі уақыт аясынан шықты.
«Бейбарыс» «Теміртаумен» матчта екінші кезеңді екпінді өткізіп, маусымды сенімді жеңіспен ашты. Атыраулықтардың жаңа ойыншысы Герман Шапорев дубль жасады. Қонақтардың голкипері Дмитрий Хозяшев 27 соққыға тойтарыс берді.
«Теміртау» - «Бейбарыс» 1:4 (0:0, 1:4, 0:0)
0:1 – 21:17 – Шапорев
0:2 – 22:06 – Рыжих (Ишмаметьев, Гурьев) ГБ
0:3 – 25:17 – Шапорев (Исмагилов, Твердохлебов)
0:4 – 26:18 – Ананичев Ал. (Ананичев Ар.)
1:4 – 37:31 – Потапов (Попов, Селиванов)
Қақпашылар: Селивёрстов (Куликов, 54:29-60:00) – Хозяшев
«Торпедо» бірінші кезеңде-ақ «Снежные Барсымен» ойында кім жеңетінін байқатты. Әрі қарай алаң иелері сәл босаңсыды, десе де, қорытынды нәтижеге бұл әсер етпеді.
«Торпедо» - «Снежные Барсы» 4:1 (3:0, 0:0, 1:1)
1:0 – 01:04 – Гренц (Лихотников, Боровиков)
2:0 – 10:14 – Петров (Колобов)
3:0 – 15:16 – Игнашин (Некряч)
3:1 – 42:27 – Царёв (Логвин, Никитин)
4:1 – 57:43 – Шин (Лихотников, Таталин) ГБ
Қақпашылар: Янков (Ершов, 57:43-60:00) – Павленко
«Сарыарқа» мен «Арланның» екінші жекпе-жегінде барлығын бір шайба шешті. Владимир Маркелов екінші үзіліс таяғанда гол салып, көкшетаулықтарға жеңіс әкелді. Кездесудің тағы бір кейіпкері – 48 соққыға тойтарыс берген «көкшеліктердің» голкипері Илья Румянцев.
«Сарыарқа» - «Арлан» 0:1 (0:0, 0:1, 0:0)
0:1 – 36:14 – Маркелов (Михайлов, Пархоменко)
Қақпашылар: Еремеев – Румянцев
«Алтай Торпедо» «Номадпен» жекпе-жекті аса сенімді бастады. Алайда әрі қарай «көшпенділер» кездесу барысын өзгертіп, жеңіске жете білді. Шешуші шайбаны Алексей Зубов салды.
«Номад» - «Алтай Торпедо» 4:3 (1:2, 1:1, 2:0)
0:1 – 04:06 – Белохонов (Качулин)
0:2 – 12:15 – Гурин ГБ
1:2 – 17:03 – Рунов (Касенов, Мухаметов) ГБ
2:2 – 26:33 – Гайтамиров (Мухаметов, Тетерин)
2:3 – 34:51 – Тютюньков Я. (Буденчук, Лагунов)
3:3 – 41:50 – Несветаев (Марков)
4:3 – 45:06 – Зубов (Кайыржан, Пархоменко)
Қақпашылар: Шутов (Калмыков, 40:00-60:00) – Полошков
«Құлагер» мен «Ақтөбе» нәтижелі ойын көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты. Негізгі уақытта қарсыластар алты шайбадан салды. Нәтижесінде жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. «Ақтөбенің» құрамында Денис Скатов хет-трикпен көзге түсті.
«Құлагер» - «Ақтөбе» 6:7 Б (2:1, 3:3, 1:2, 0:0)
1:0 – 01:58 – Ильин (Болдин, Первухин) ГБ
1:1 – 04:56 – Скатов (Егоров, Митряков) ГБ
2:1 – 10:03 – Власов (Хасенов, Ахметов)
3:1 – 24:10 – Болдин (Первухин, Фролов)
4:1 – 26:22 – Ильин (Гевель, Ахметов) ГБ
4:2 – 31:08 – Скатов (Кутугин, Зинченко)
5:2 – 33:23 – Пальмтаг (Наместников) ГБ
5:3 – 35:19 – Беляев (Воронин)
5:4 – 37:09 – Ковзалов (Киселёв)
5:5 – 40:22 – Скатов (Степанов, Егоров) ГБ,
6:5 – 56:27 – Хасенов (Репин)
6:6 – 57:13 – Потайчук (Киселёв)
6:7 – 65:00 – Ковзалов ПБ
Қақпашылар: Нечвиенко – Шаров (Скрипченко, 26:22-60:00)
Алматылықтар «Ертіспен» алғашқы ойынның үшінші кезеңін сәтті өткізіп, нәтижесінде өз қоржынына екі балл салды. Жас павлодарлық ұжым матч бойы тартысумен болды, алайда соңғы кезеңде ойын өрнегін уыстан шығарып алды.
«Ертіс» - «Алматы» 1:5 (0:1, 1:1, 0:3)
0:1 – 07:36 – Машинец (Бурделёв) ГБ
1:1 – 22:34 – Ляпунов (Своеволин, Сагайдак)
1:2 – 31:30 – Чиглинцев (Щукин, Панков)
1:3 – 43:07 – Ищенко (Леванов)
1:4 – 48:50 – Ипатов (Кузнецов, Бурделёв) ГБ
1:5 – 54:51 – Баженов (Бурделёв)
Қақпашылар: Микушин – Мельников