Ойын күнінің аңдатпасы

6 qyrkúıek
1300

Дүйсенбі Қазақстан чемпионатында ойын күні қызғалы тұр. Жанкүйерлер бірден алты кездесуге куә болады.

(13:00) «Теміртау» - «Бейбарыс»

Ойын күнін жас «Теміртау» мен мығым «Бейбарыс» ашады, бұл жекпе-жек металлургтер қаласында өтеді.

(18:30) «Торпедо» - «Снежные Барсы»

«Алтыннан» үміттілердің бірі өз алаңында бұрынғыдан да жасара түскен «Снежные Барсы» командасын сынға алады.

(19:00) «Сарыарқа» - «Арлан»

Өткен плей-оффтың финалистері Қазақстанның шахтерлер астанасында екінші матчын өткізеді.

(19:00) «Номад» - «Алтай Торпедо»

«Көшпенділер» осыдан бір жыл бұрынғыдай маусымды «Алтай Торпедоға» қарсы өз алаңындағы жекпе-жекпен ашады.

(19:00) «Құлагер» - «Ақтөбе»

2021-22 Қазақстан Кубогінің финалисі ел солтүстігіне сапарлайды. Ең алдымен Петропавлда аялдайды.

(19:00) «Ертіс» - «Алматы»

Павлодарда «Ертіс» «Алматыға» соққу боратуға тырысады.

Матчтың тікелей көрсетілімін сайтымыздан тамашалауға болады. Оны ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.