Алдағы демалыс күндері қазақстандық хоккей сүйгіштер үшін қызыққа толы болмақ. Республика чемпионаты аясында бірден алты кездесу өтеді.
«Ертіс» өз алаңында «Снежные Барсы» командасынан екі рет жеңілгеннен кейін Рудныйға аттанады. Қазіргі таңда Сергей Мирошниченконың командасы жетінші қатарда. «Горняк» үш ұпаймен турнир кестесінің соңына түсіп кетті.
«Ақтөбе» чемпионаттың сөзсіз көшбасшысы «Торпедоны» қабылдайды. Өскемендіктер маусымның басында қатарынан алты жеңіске қол жеткізіп, жақсы екпін алды. Ал Алексей Коршковтың командасы әзірге екі рет қана жеңді.
«Бейбарысқа» қонаққа көшбасшы үштікке кіретін тағы бір команда – «Номад» келеді. Елордалық ұжым соңғы бес кездесуде оқ бойы озды. Атыраулықтардың турнирдегі дәрежелеріне көңілдері толуы екіталай.
Әзірге жеңілу дегенді білмейтін «Теміртау» өз алаңында «Құлагерді» қабылдайды. Командалар турнир кестесінде көршілес тұр (үшінші және төртінші орындар). Және дәл осы кездесу алдағы кезеңде үлкен маңызға ие болып отыр.
"Алтай Торпедо" аса бабы шаппай тұрған «Арланмен» өз алаңында осыған дейінгі жеңілістер легін үзуге тырысады. Екі ұжым да өткен турда аса көп ұпай жинай алмады, сол себепті осы кездесуде жағдайды түзеуге тырысады.
"Алматы" оңтүстік астанада «Сарыарқаны» қабылдайды. Павел Думаның командасы чемпионатта алғаш рет жеңістің дәмін татты. Чемпионатта соңғы болып өз ойындарын бастаған қарағандылықтар Өскеменде тартысты ойын өткізді.
PROHOKEILIGASYхоккейден Қазақстан чемпионатының барлық матчтарының тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан қарауға болады.