Қазақстан кубогінің үздік қақпашысы, «сарыарқалық» Денис Каратаев өткен турнирдегі өз командасының жетістігі жөнінде айтып берді.
- Денис, команда үшін турнир өте жақсы өтті. Кубокті жеңіп алуға не көмектесті?
- Әрбір матчқа біз тек жеңеміз деп шықтық. Команда мұздың әр бұрышында жақсы жұмыс жасады. Біздерге, қақпашыларға мықты көмектесті, әрбір ойында қаншама рет шайбаны тежеп қалды. Әрине, жеңген ұнайды ғой. Алайда әрі қарай қимылдауымыз керек. Алда – Қазақстан чемпионаты мен Құрлықтық кубок.
- Сен «Сарыарқа» сапына осы жазда қосылдың. Командаға қалай сіңісіп кеттің?
- Мені өте жақсы қабылдады. Біздің команда тату, жақсы жігіттер. Алғашқы күннен-ақ білек сыбана кірісіп кеттім.