Қазақстан Кубогінің үздік шабуылшысы Илья Ковзалов клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Ақтөбеге» бейімделуін баяндап, командаға турнирдің финалдық сынында не жетіспегеніне баға берді.
- Илья, сен «Ақтөбенің» сапына енді қосылдың, бірақ ойынға қарасақ, командада бірнеше жыл жүргенге ұқсайсың. Жаңа ұжыммен жылдам тіл табысып кеттіңдер ме?
- Мен командадағы жігіттерді бұрыннан танимын. Сондықтан аса бір бейімделу болған жоқ. Мықты ойынсеріктермен ойынға кіру қашан да оңай.
- Сеніңше командаға финалдық матчта не жетіспеді?
- Нақты осы жетіспеді деп айта алмаймын. Бәлкім қозғалыс, бәлкім эмоцияға бой алдырдық па. Оның үстіне көптеген сәттерді уыстан шығарып алдық. Өткен ойындарды сараптап, сабақ алуға тырысамыз. Бұл турнир біз үшін тұрақты чемпионаттың алдында физикалық тұрғыдан да, эмоционалдық тұрғыдан да жақсы дайындық болды.