Қазақстан Кубогінің үздік қорғаушысы, «ақтөбелік» Сергей Егоров клуб баспасөз қызметіне берген шағын сұхбатында өз командасының жетістікке жету құпиясын айтып берді, сонымен қатар алдағы чемпионатқа қатысты жоспарларымен бөлісті.
- Сергей, турнир алдында мамандардың ешқайсысы «Ақтөбені» финалда көре қойған жоқ. Клуб үшін мұншалықты тарихи жетістікке қалай жеттіңіздер?
- Біріншіден, команда жүйелі қимылдап, бапкерлер штабының нұсқауларын қатаң орындады, қатаң тәртіпке бағынып, аянбай әрекет етті, сондай-ақ мұз бетінде де, одан тыс та өзара көмектесті. Қоян-қолтық ойнап, бір-бірін емеуріннен түсініп, бір-біріне ширыға түсуге ықпал етті. Кубок алдында өте жақсы жұмыс жасады деп есептеймін, бұл бізге турнирде жақсы өнер көрсетуге сеп болды.
- Темірді қызғанда соқ. Тұрақты чемпионатқа қатысты қандай меже қойып отырсыздар?
- Біз жеңістің дәмін таттық, енді осы жолдан таймауға тырысамыз. Алдымызға биік мақсаттар мен міндеттер қоямыз. Кемінде плей-оффқа өтсек, әрі қарай мүмкіндігінше жоғары орынға ұмтыламыз.