Ақтөбе – Parimatch–Қазақстан Кубогінің алғашқы финалисті

25 tamyz
1774

Қазақстан Кубогінің алғашқы жартылай финалында «Ақтөбе» мен «Бейбарыс» арасында Шанцевойдың ойыншылары басым болды.

Негізгі оқиғалар қорытынды кезеңде орын алды. «Ақтөбеге» жеңісті Илья Ковзалов пен Вадим Митряков орындаған екі қарсы шабуыл сыйлады. Жекпе-жектің тағы бір қаһарманы – өз қақпасына шайба жуытпаған қызыл-ақтардың голкипері Дмитрий Шаров.

«Ақтөбенің» турнир финалындағы қарсыласы кешкі «Сарыарқа» - «Торпедо» кездесуінен кейін анықталады.

«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 2:0 (0:0, 0:0, 2:0)

1:0 – 50:28 – Ковзалов (Потайчук, Жакан)

2:0 – 56:24 – Митряков (Зинченко, Егоров)

Қақпашылар: Шаров – Хозяшев