Сарыарқа ҚР Кубогінің финалында тағы да ойнайды

25 tamyz
2223

Хоккейден Қазақстан Кубогінің екінші жартылай финалында қарағандылық «Сарыарқа» сенімді түрде жеңіске жетті.

Торпедолықтар екінші кезеңнің басында есеп ашты: Никита Колобов «Сарыарқа» ойыншыларының жіберген қателігін ұтымды пайдаланды. Алайда әрі қарай алаң иелері қатарынан үш нәтижелі шабуыл жасады. Дәл осының арқасында Леонид Тамбиевтің ойыншылары кездесудің қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетті. Қарағандылықтар екінші рет қатарынан финалға шығып отыр және Қазақстан Кубогінің иегері деген абыройлы атақты сақтап қалуы әбден мүмкін.

«Сарыарқа» - «Торпедо» 4:1 (0:0, 3:1, 1:0)

0:1 – 20:21 – Колобов

1:1 – 21:21 – Федоров (Кожевников, Ларионов)

2:1 – 25:28 – Кулиев (Аноховский) ГБ

3:1 – 35:32 – Зеленков (Кулиев)

4:1 – 59:52 – Зеленков ПВ

Қақпашылар: Каратаев – Нурек